Астық қоймасы ашылды

Нұра ауданына қарасты «Шахтер» ЖШС-нің базасында Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында арнайы астық сақтайтын «Пектус» атты қойма ашылып, пайдалануға берілді. Оның сыйымдылығы 15 мың тонна астықты сақтауға арналған
Қазіргі заман талабына сай етіп жасалған бұл заманауи құрылғының құрылысы осы жылдың мамыр айында басталған. Оған шаруашылық есебінен 700 миллион теңге қаражат жұмсалған. 7 айдай уақыт ішінде ғана салынған бұл қойма астықты кептірумен қатар оның ұзақ мерзімді сақталуына толық кепілдік береді.
Немістің «Пектус» атты бұл құрылғысы түріктің ОВІАЛ технологияларының біріккен жобасы негізінде салынған. Таза отандық металдан жасалған материалдар қолданылған. Ол сағатына 200 тонна астықты кептіруге қауқарлы. Оның іске қосылуы нәтиждесінде 16 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Астық қоймасы тәулігіне 3,5-4 мың тоннаға дейін астық қабылдауға қауқарлы. Астық егіс даласындағы комбайннан бірден осында тасымалданады. Бұл жерде барлық жұмыс бір мезетте атқарылады. Тазалап, кептіру жұмыстары жүзеге асады.