Нұра ауданына жұмыс сапары

Нұра ауданына жұмыс сапары

3 тамызда өңірлерге жұмыс сапары аясында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары С.Ж.Шайдаров Нұра ауданына барып, онда жемшөп дайындау барысымен, агроқұрылымдар алқаптарындағы егіс жағдайымен, сондай-ақ «Ауыл Ел-бесігі» бағдарламасының іске асырылуымен танысты.

«Қайнар» ЖШС-ін аралау барысында шаруашылық директоры Сейтжапар Нығметов облыс әкімінің орынбасарын дәнді дақылдар егісінің жай-күйімен және ірі жем-шөптерді дайындау барысымен таныстырды. Жауын-шашынның болмауына байланысты қолайсыз ауа-райына қарамастан, ағымдағы жылы минералды тыңайтқыштарды қолдану және жоғары өнімді тұқымдарды пайдалану сияқты қарқынды технологияларды енгізу есебінен шаруашылыққа қарасты алқаптардың жағдайы жақсы.

Биыл ауыл шаруашылығы құрылымымен 2800 тонна шөп дайындалды, бұл 2020 жылға қарағанда 400 тоннаға артық. Өңірдің ірі шаруашылықтарының бірі болып табылатын «Қайнар» ЖШС-і өсімдік шаруашылығымен де, мал шаруашылығымен де айналысады. Қолда бар ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы 112 635 га құрайды, оның ішінде 50075 гектар егістік және 59160 гектары жайылымдық жерлер.

Жыл сайынғы дәнді дақылдар алқабы шамамен 36,8 мың га құрайды.

Ауа райы қолайлы болса және астық жинау науқаны оңтайлы мерзімде жүргізілсе өнім өткен жылдың деңгейінен төмен болмайды деп жоспарлануда.

Шаруашылық ауыл шаруашылығына, әсіресе ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңартуға белсенді түрде инвестиция салуда. Ағымдағы жылы «Қайнар» ЖШС-і «Вектор» маркалы 6 астық жинау комбайнын, жемшөп жинау техникасын, іріктеу платформаларын және соқалар сатып алды. Салынған инвестициялардың жалпы сомасы 608,2 млн.теңгені құрады.

Шаруашылықта жалпы көлемі 32,0 мың тонна болатын 11 астық қоймасы бар. Қазірдің өзінде шөп шабу науқанын аяқтап, өздерінің ірі жем-шөпке деген қажеттілігін ғана емес, «Щербаковское» ауылының тұрғындарын да қамтамасыз етті.

Бұдан әрі, облыс әкімінің орынбасары ауданның ірі астық егетін шаруашылықтарының бірі болып табылатын «Жараспай» ЖШС-да болып, астық және шөп шабу жұмыстарының жай-күйімен танысты. «Жараспай» ЖШС бүгінде 330 тонна шөп дайындап, 110 тонна шөпті тасыды, шөп шабу жұмыстарын жалғастыруда.

Директордың орынбасары Асалтай Сағымбайұлы Кужуханов ағымдағы жылы ауыл тұрғындарын толық көлемде шөппен қамтамасыз ететініне сендірді. Қолда бар ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы – 31 397 га, оның ішінде егістіктер – 13 967 гектрады, жайылымдар – 14 055 гектар алқапты құрайды. Машина - трактор паркін жаңарту шеңберінде 2020 жылы 53,8 млн.теңгеге инвестициялар тартылды, ал ағымдағы жылдың басынан бері инвестиция көлемі 64,5 млн. теңгені құрады, оларға RSM-2375 Buhler доңғалақты тракторы сатып алынды. Шаруашылықта жалпы көлемі 12 мың тоннаны құрайтын 4 астық қоймасы бар.

«Пржевальское» ЖШС-де егіс науқаны кезінде қарқынды жұмыс пен уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесінде егістіктердің жағдайы жақсы. Бүгінгі күні шаруашылық жұмысшылары мен ауыл тұрғындары үшін 900 тонна шөп дайындалды, шөп шабу науқаны жалғасуда. Қолда бар ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы – 34 355 га, оның ішінде егістік – 24 550 га, шабындықтар - 109 га, жайылымдар – 9 198 га құрайды. Жақында шаруашылықпен 89,3 млн.теңгеге қажетті аспалы жабдығы бар 2 шынжыр табанды трактор сатып алынды.

Шаруашылықта жалпы көлемі 27 мың тонна болатын 9 астық қоймасы бар.

Мұзбел ауылында облыс әкімінің орынбасарын «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасының іске асырылуымен таныстырды, оның аясында ауыл жолдарына орташа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мектеп жөнделуде.

Жұмыс сапарының соңында әкімнің орынбасары "Шахтерское"ЖШС элиталық тұқым өсіру шаруашылығында болды. Шаруашылықтың ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы – 54 270 га, оның ішінде егістік – 47 665 га.дәнді дақылдар егудің жыл сайынғы алаңы шамамен 35,0 мың га құрайды. 2020 жылы дәнді дақылдардың өнімділігі 16,1 ц/га құрады, 57,1 мың тонна астық бастырылды.

Жыл сайын машина - трактор паркі жаңартылып, 2020 жылы 781,3 млн.теңге инвестиция тартылды. Биылғы жылы салынған инвестициялар көлемі шамамен 2,7 млрд. теңгені құрады. Астықты сақтау үшін шаруашылықта жалпы көлемі 84,8 мың тоннаны құрайтын 12 астық қоймасы және жалпы көлемі 25,7 мың тонна 6 картоп қоймасы бар.

«Шахтерское» ЖШС-де дәнді дақылдар егістігінің жағдайы қолайсыз құрғақ ауа райына қарамастан жақсы. Шаруашылықта сапалы өнім алу үшін ғылыми негізделген ауыспалы егістерді сақтау, минералды тыңайтқыштар мен жоғары өнімді тұқымдарды енгізу бойынша шаралар уақтылы қабылданды. Бұған сондай-ақ инвестицияларды белсенді салу, соның ішінде техника сатып алу және инвестициялық жобаларды іске асырушаралары ықпал етті. Жыл басынан бері салынған инвестициялар сомасы 2,7 млрд.теңгені құрады. Мысалы, ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту шеңберінде жалпы сомасы 820,4 млн.теңгеге 3 трактор, 6 егіс кешені, картоп жинайтын комбайн және картоп қазатын машина сатып алынды. Шілде айында дәнді дақылдарды уақтылы жинау үшін шаруашылық CLAAS-450 маркалы отандық жиналған 8 астық жинау комбайнын сатып алды.

ЖШС-нің директоры Григорий Прокоп астықты сақтау және тазалау кешенін жаңғырту бойынша іске асырылып жатқан жоба аясында 15 мың тоннаға қосымша сақтау сыйымдылықтарының құрылысы туралы баяндады. Жобаға салынған инвестициялар сомасы 700 млн. теңгені құрады.

Облыс әкімінің орынбасары С.Шайдаров бұл жобаның ауданды дамыту үшін, сондай-ақ бүкіл Қарағанды өңірінің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту үшін әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын атап өтті.

Бүгінгі таңда Шахтерское ауылы Нұра ауданында өркендеген ауылдардың бірі болып табылады. Объектілер мен көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі (84,2%) облыс бойынша елді мекендер мен ауылдық округтер бойынша орташа көрсеткіштен (74,3%) асады.

Өндірістік қызметпен қатар, «Шахтерское» ЖШС-і ауылдың әлеуметтік мәселелерін шешуге белсенді қатысады. Ағымдағы жылы «Шахтерское» ауылы бойынша «Ауыл - Ел бесігі» жобасы шеңберінде бюджет қаражаты есебінен екі жобаны іске асыру жоспарланған: «Шахтерское ауылындағы жабық хоккей кортының құрылысы» құны 114,4 млн.теңге және 175,7 млн. теңгеге «К.Шайменов атындағы жалпы білім беретін мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу».

Өз қаражаты есебінен кафе, сквер, «Колос» монументін орнату сияқты мәдени-бұқаралық объектілердің құрылысы және барлық әлеуметтік нысандар мен ауыл тұрғындарының үйлеріне арналған қазандыққа  жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сапар қорытындысы бойынша аудан басшылығына күрделі құрғақшылық кезеңде фермерлерді азықпен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізу және жедел шешімдер қабылдау міндеті қойылды. «Біз барлық ауыл тұрғындарына қыстаудың тыныш өтуіне кепілдік беруіміз керек», -деп атап өтті С. Шайдаров.

Ауданда жоспар бойынша 200 мың тонна болғанда 156,1 мың тонна шөп немесе 78% дайындалды. Шөп дайындау жұмыстары 20 тамызға дейін аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ, қалыптасқан жағдайды ескере отырып, ауданның ірі астық өсіруші шаруашылықтарына жемдік азыққа сабан дайындау, оның ішінде облыстың басқа өңірлеріне жөнелту тапсырылды.

Сондай-ақ, Нұра ауданы бойынша егістіктердің жағдайы жақсы екені атап өтілді. Дәнді дақылдарды жинауға ауыл шаруашылығы құрылымдары 15 тамызда кірісуді жоспарлап отыр, ал жаппай асытқ жинау жұмыстары 1 қыркүйектен басталады.