Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдірудеміз
Бүгінгі таңда Абай ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтердің 50 түрін көрсетеді.
Өткен жылы аудан тұрғындарына 8 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Ең көп саны - жер қатынастары және сәулет саласындағы қызметтер.
Халықтың онлайн - құралдарды көбірек қолданатыны қуантады, бұл кезектер мен орындау мерзімдерін қысқартуға ықпал етеді. Жыл қорытындысы бойынша біз электрондық форматта қызмет алуға өтініштердің 80% көрсеткішіне қол жеткіздік.
Қызметкерлердің құзыреттілігін арттыру сапаның жақсаруына ықпал ететіні сөзсіз. Барлық мемлекеттік қызметшілер үнемі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, сондай-ақ өзіміздің оқыту семинарлары мен тренингтерін, ішкі бақылауын өткізеді және әдістемелік көмек көрсетеді.
Біз үнемі талдау жүргізіп, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіруге тырысамыз.
Мұндай талдау мерзімдерін қысқартуға, заңнамада белгіленген құжаттардың тізбесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қызметті толығымен электрондық форматқа ауыстыру мүмкіндігі, бас тарту үшін негіздерді қысқарту мүмкіндігі қарастырылады.
Осындай талдау негізінде қызметтердің 92% - ы электрондық форматқа ауыстырылды. Яғни, адам ешқайда бармай-ақ өзіне ыңғайлы уақытта әлемнің кез келген нүктесінен егов порталы арқылы өтініш беріп, мемлекеттік қызмет ала алады.
Егер қол жетімділік туралы айтатын болсақ, онда барлық мемлекеттік мекемелер қызмет алушыларға, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға бейімделгенін атап өткім келеді.
Біздің ғимаратта баспалдақ түріндегі кедергілерді жеңуді едәуір жеңілдететін автоматты көтергіш орнатылған, нашар көретін адамдарға арналған тактильді плиткалар және қоңырау түймесі орнатылған. Барлық мемлекеттік органдарда осылай.
Проблемасыз болмайтын шығар. Мұнда да кейде қиындықтарға тап боламыз.
Мысалы, жүйенің өзі қол жетімді емес, кейде көрсетілетін қызметті алушылар порталды пайдалану дағдыларын толық меңгермейді. Мұндай жағдайларда біздің қызметкерлер қызмет алушыларға көмектеседі, кеңес береді, қызметті қолмен алуға көмектеседі. Барлық тұрғындар мұндай көмекке қайда және кімге жүгінуге болатындығын біледі. Қызметкерлердің өздері жүйені үнемі тексеріп отырады, алушыларға бүкіл процесті кезең-кезеңімен түсіндіру үшін қызметтерді алуға машықтанады.
Абай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету сапасы тұрақты бақылауда.