Аудан басшысы Южный кенті құрылысының бас жоспары жобасын әзірлеушілермен кездесті

03 мамыр күні Южный к. құрылысының Бас жоспарының жобасын әзірлеушілермен және "Абай ауданының Абай қаласындағы жалпы пайдаланудағы жерлерді анықтау"жобасы бойынша мердігерлермен кездестім.
Жобалардың бөліктері талқыланды, кейбір түзетулер енгізілді. Қоғамдық тыңдауларға жобаларды енгізу бойынша тапсырма бердім.