Аудан әкімі"AMANAT" партиясының депутаттық фракциясының отырысына қатысты

Аудан әкімі"AMANAT" партиясының депутаттық фракциясының отырысына қатысты
"AMANAT" партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті.
Күн тәртібінде партияның сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру барысы қаралды. Бағдарлама тармақтарын орындаушыларға уақытылы іске асыруды қамтамасыз ету және олқылықтарға жол бермеу тапсырылды.
Сондай-ақ, Қоғамдық кеңестер, Абай аудандық мәслихатындағы партия фракциясы қызметінің проблемалық мәселелері талқыланды. Ауданда депутаттардың бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде қызметін жариялау белсенділігінің жеткіліксіздігі байқалады, халықтың халық қалаулыларының қызметін көруге және бағалауға мүмкіндігі жоқ. Фракция мүшелерін осы бағытта белсенді болуға, сайлаушылармен кері байланысты қамтамасыз етуге шақырдым.