Аудан басшысы аудандық аппараттық кеңес өткізді

Кезекті аудандық аппараттық кеңеске дене шынықтыру және спорт саласындағы міндеттердің орындалуы, "Еңбек" Мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру және ағымдағы жедел сұрақтар туралы мәселелер шығарылды.
Ауданда спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша шаралар қабылдануда, спорттық ғимараттар мен алаңдар ашылып, жөнделуде. Спорт бөліміне көше алаңдарының жағдайын тексеру бойынша белсенді жұмыс жүргізуді, жұмыс істеп тұрған залдарды жаңа снарядтармен қамтамасыз етуді, ауылдық округтерді спорт нұсқаушыларымен қамтамасыз етуді және ауыл тұрғындары үшін жаңа секциялар ашуды тапсырдым.
"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысын кеңестерде біз тоқсан сайын қарастырамыз. Бағдарламаны іске асыруға халықты тарту бойынша қойылған міндеттерді орындамаған әкімдердің түсініктемелері тыңдалды. Әріптестерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырдым.
Жедел мәселелер қатарында ауданның елді мекендерінде жылумен жабдықтауды іске қосу, егін жинау, эпидемиологиялық жағдай, санақ және вакцинация кампанияларының барысы қаралды.