Аудан басшысы Топар және Қарабас кенттерінің тұрғындарымен кездесулер өткізді.

Топар тұрғындары саябақты абаттандыру, спорт комплексінің құрылысы, көп қабатты үйлердің қасбеттерін жөндеу, жылу тарифі мәселелерін көтерді. Қарабас кентінің тұрғындары орталықтан жылытуды сұрады, мобильді интернеттің сапасына шағымданды, жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі туралы айтты. Айта кету керек, тұрғындар өткен жылдың шілде айында сайлауда сайланған жергілікті әкімдерге қолдау білдірді. Кездесулерден кейін азаматтарды жеке қабылдау өтті.