Меню

Страницы

Статья

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АТҚАРЫЛҒАН ІС-ШАРАЛАР

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы. Мінсіз қоғам – жемқорлықсыз қоғам, салауатты өмір – парақорларсыз өмір, мықты мемлекет – жемқорларсыз мемлекет. Еліміз елу елдің қатарына ену үшін аяқ басқанда айналамызды ашкөз алаяқтардан аластап, қоғамды тазарту – азаматтық міндетіміз.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Өкінішке қарай, сыбайлас жемқорлық әлі де біздің қоғамның ауыр дерті болып отыр. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттердің көпшілігінде бар. Қазақстан да одан сырт қалған жоқ. Онымен қалай күресіп жатыр немесе қалай әшкерелеп отыр – ол басқа мәселе», деп атап өтті.

Мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып отыр.

2024 жылдың өткен кезең ішінде Абай ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру мақсатында келесі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді:

«Ашық есік күндері» және әлеуметтік желілерде Instagram, Facebook тікелей эфирлер, анонимді сауалнама тұрақты түрде жүргізілуде.

Сонымен қатар, қызметкерлер және халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы құқықтық насихаттау бойынша іс-шараларды жүзеге асырады. Осы өткен кезең ішінде 96 семинар (дөңгелек үстел), соның ішінде Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы өкілдерінің қатысуымен 7 семинар өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әлеуметтік желілерде (facebook, instagram) және департаменттің ресми сайтында 87 жарияланымдар орналастырылды, осы тақырып бойынша баспа басылымдарында 11 мақала жарияланды, аудандық ғимараттың 1-қабатта қабылдау орталығы орналасқан. Халыққа және бизнес өкілдеріне 300-ден астам буклет таратылды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдың алу және төзімділікті қалыптастыру мақсатында 168 шара өткізіліп, 3 мыңға жуық қатысушылар қамтылды. Өткізілген шараларға жастар, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым қызметкерлері арасында кездесулер мен іс-шаралар, нысаналы топтар бойынша, сондай-ақ бизнес құрылымдары арасында және жалпы аудан тұрғындары қатысты.

Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттілікті қалыптастыру бағытында тақырыптық ауданымызда 11 баннер орнатылған, 150-ден астам брошюра ілінген. Абай қаласының орталық алаңында ЛЭД экранында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бейнероликтер көрсетіледі.

Осы жылдың басында облыс прокуратурасы мен облыстық құрылымдардың қатысуымен "Тиімді көмек" акциясы өткізіліп, жұмыс тобы аудан тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Абай қаласында "Халық заңгері" республикалық акциясы өттіп, онда азаматтарға тегін заңгерлік кеңестер берілген. Ай сайын менің парақшамда "Әкім сағаты" өткізіліп, аудан тұрғындарының сұрақтарына тікелей эфирде жауап беремін. Ашықтық пен қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Абай ауданында "Абай диалогы" телеграм арнасында онда тиісті мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары келіп түскен сұрақтарға уақтылы жауап беріледі. Жемқорлыққа қарсы жұмыс тұрақты жүргізулуде және менің бақылауымда.

Сыбайлас жемқорлық тек құқық бұзушылық емес, бұл мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді төмендетеді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді. Сондықтан мемлекет пен қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігіп, әрекет етуі керек.

 

С. Оспанов, Абай ауданы әкімі

Дата публикации
22 ноября 2024
Дата обновления
22 ноября 2024
Тип

Сейчас читают

Направления
13 октября 2026
Итоги выдвижения
Направления
13 октября 2026
Итоги регистрации кандидатов
Направления
13 октября 2026
Места размещения агитационных печатных материалов

Социальные медиа

Акимат Абайского района
Акимат Абайского района
Абай Диалог

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы