2019 жылдың қорытындысы бойынша экономика салаларының жалпы көлемі 183,9 млрд.теңгені немесе 2018 жылға 149% құрады.
Нақты көлем индексі құрады
өнеркәсіпте – 104,3 %,
ауыл шаруашылығында – 106,7; %,
құрылыста-328,2 %,
негізгі капиталға инвестициялар-229,5%.
Бір жыл ішінде негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 40,5 млрд.теңгені немесе өткен жылмен салыстырғанда 236% - ды құрады.
Бюджеттің жеке кірісі артып, 2 млрд. 800,9 млн. теңгеге немесе 109,4 пайызға орындалды.
Аудан бюджетінің 11 млрд. 487,6 млн. теңге сомасындағы шығындары халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етті.
Ағымдағы жылы "100 нақты қадам" Ұлт Жоспарын орындау шеңберінде ауданның барлық елді мекендерінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеттері енгізілді, бұл жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуде әкімдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге және азаматтардың шешімдер қабылдау процесіне қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.