ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қарағанды облысы бойынша департаментінің
басшысы, Әдеп кеңесінің төрағасы
Ж. Сәрсеннің мақаласы
Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелер мемлекеттік қызметтер көрсетуді жеңілдетіп, азаматтардың құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасында цифрландыру процесі қарқынды дамып келеді, нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы артып, оның ашықтығы мен қолжетімділігі қамтамасыз етілуде. Ақпараттық жүйелер мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы қарым-қатынасты жеңілдетіп, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын тиімді қалпына келтіру үшін қажетті тетіктерді ұсынады.
Ақпараттық жүйелердіңқұқық қорғаудағы артықшылықтары туралы айтатын болсақ, ақпараттық жүйелердің енгізілуі мемлекеттік қызметтердің барынша ашық болуын қамтамасыз етеді. Электрондық үкімет платформалары, атап айтқанда eGov.kz, e-лицензиялау, АХАТ (азаматтық хал актілерін тіркеу) жүйелері азаматтарға өз құқықтарын қорғау мақсатында қажет ақпарат пен құралдарды алуға мүмкіндік береді. Бұл жүйелердің артықшылықтары келесідей:
Себебі, электрондық үкімет порталы арқылы қызмет көрсету барысында кездесетін құқық бұзушылықтарды сол жүйеден шықпай-ақ тіркеуге мүмкіндік береді. Мысалы, азамат eGov.kz порталындағы арнайы бөлім арқылы шағым немесе өтініш қалдырып, мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі кемшіліктер мен құқық бұзушылықтарды хабарлай алады. Бұл шағымдар мемлекеттік органдар тарапынан қаралып, азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру үшін қажетті шаралар қабылданады. Сонымен қатар, азаматтың шағымын қарау нәтижелері де ашық түрде жарияланады.
Сонымен қатар, Агенттікпен қазіргі уақытта қызмет беруші мекемелердің ақпараттық жүйелеріне қолжетімділік берілуі арқылы қызмет алушылардың құқықтарының бұзылмауына қашықтықтан бақылау жүргізуге қол жеткізіп отыр. Ол арқылы қызмет алушылардың шағымын күтпестен орын алған заңбұзушылықтарға жылдам ден қоюға, талдау жүргізіп, уақытылы қажетті шараларды жүргізуге мүмкіндік беріп отыр.
Қызмет алушылардың бұзылған құқықтар қорғаудағы ақпараттық жүйелердің келесі маңызды рөлдерінің бірі – мемлекеттік органдардың қызмет көрсету процесінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру, артық құжаттар талап ету, мерзімнің кешіктірілуі сияқты әкімшілік кедергілердің алдын алуға көмектеседі. Осылайша, азаматтар өздерінің құқықтарының бұзылмауын қадағалап, құжаттар мен өтініштердің қаралу барысын бақылап отырады.
Қорыта келе, ақпараттық жүйелер Қазақстан Республикасында қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруде маңызды құрал болып табылады. Олар мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңайлатып, ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Азаматтар өз құқықтарын қорғауға бағытталған заманауи ақпараттық жүйелер арқылы өз мәселелерін тезірек және тиімдірек шешуге мүмкіндік алады. Алдағы уақытта Агенттікпен ақпараттық жүйелерді жетілдіру және қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытында жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы
А. Сахариеваның мақаласы
Куәліктің көшірмесін қалай алуға болады
Азаматтың туу фактісін растайтын туу туралы куәлік маңызды құжаттардың бірі болып табылады және оны әр адам өмір бойы мұқият сақтау керек. Кейде көп құжаттардың арасында куәлік табылмайтын жағдайлар кездесіп жатады. Сондықтан, жоғалған туу туралы куәлікті қалай қалпына келтіруге болатындығын білу маңызды.
Заңнамада жоғалған құжаттарды қайта алу тәртібі қарастырылған. Азаматтық хал актілері саласындағы заңнамаға сәйкес куәліктің көшірмесін мына адамдар ала алады: кәмелетке толған азаматтар өздері үшін; заңды түрде кәмелетке толмаған азаматтың мүдделерін білдіретін адамдар; қайтыс болған адамның жақын туыстары; ата-аналар немесе қамқоршылар; сенімді тұлға; мемлекеттік органдардың ресми өкілдері.
Басқа тұлғалар, сондай-ақ өз баласына деген ата-ана құқығынан айырылған ата-аналар қайталама туу туралы куәлікті ала алмайды.
Көбінесе куәлік қайтыс болған адамның туыстарына мұра алу үшін қажет. Себебі, өзге құжатта (паспортта немесе жеке куәлікте) туыстық қатынастар туралы ақпарат көрсетілмейді. Адамның туылғанын растайтын құжатты жоғалту немесе оның бүлінуі осы құжаттың көшірмесін алу үшін қалпына келтіруге негіз болып табылады. Егер құжат бүлінсе және одан белгілі бір мәліметтерді оқу мүмкін болмаса (мөрі оқылмайтын болса), оны ауыстыру қажет. Бұл жағдайда ХҚКО қызметкерлеріне бүлінген құжатты ұсыну керек.
Жоғалтқан үшін айыппұл төлеу заңда қарастырылмаған. Алайда,
кез-келген жағдайда, құжатты қалпына келтіргенде мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін мемлекеттік баж төлеу керек (1 АЕК мөлшерінде).
Қайда барып қалпына келтіруге болады? Қайталама куәлікке бірнеше жолмен тапсырыс беруге болады.
Олар:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады;
3) Шетелден қайталама куәліктерді немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамаларды сұратқанда көрсетілетін қызметті берушіге АХАТ органдарына жүгіну қажет.
- Азаматтық хал актісін Қазақстан Республикасының аумағында тіркеу кезінде, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру - 3 (үш) жұмыс күні;
- АХАЖ АЖ-нде актілік жазба болмаған жағдайда, қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын уақытқа, қызметті алушыға 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабарлана отырып, ұзартылады;
- Портал арқылы жіберген кезде - өтінішті қабылдауды растау туралы хабарлама жеке кабинетке 1 (бір) жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Қазақстан Республикасы азаматтарына ыңғайлы болу үшін азаматтық хал актілерінің барлық түрлерін тіркеу бойынша, оларға өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізу, актілерді қалпына келтіру және жою, қайталама куәліктер мен анықтамаларды алу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер экстерриториялық принципімен көрсетіледі. Бұл дегеніміз, құжаттар (туу туралы куәлік, қайтыс болу туралы куәлік, неке қию туралы куәлік, неке бұзу туралы куәлік, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы куәлік) жоғалған жағдайда азамат Қазақстан Республикасының аумағында, тұрғылықты жеріне, туылған жеріне немесе актілік жазбаның орналасқан жеріне қарамастан, ХҚКО-ның кез-келген бөлімшелесіне жүгініп, қайталама куәлік (анықтама) ала алады.
Сонымен қатар, қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет алу барысында әкімшілік кедергілер (мерзімін бұзу, артық құжаттар талап ету, төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол беру т.б.) кездескен жағдайда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне Қарағанды қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 39 мекенжайы бойынша немесе «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жүгінуге болады.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы
С. Амангельдинованың мақаласы
ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ
Көрсетілетін қызмет алушылардың құқықтарын қалпына келтіру
және заңбұзушылықтарды жою мақсатында жүргізілген жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.
Мәселен, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментіне «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша берілген бас тартумен келіспейтіндігі туралы қызмет алушы шағым білдірді.
Департаментпен жүргізілген бақылау шарасының нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізсіз екендігі анықталып, қызмет алушының бұзылған құқығы қалпына келтірілді.
Құрметті қызмет алушы, егер Сіздің құқығыңызды бұзу фактісі орын алса Департаментке келесі мекен-жай бойынша жүгінуге болады: Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғ., 39. Байланыс нөмерлері 8 (7212) 50-40-66,
8 (7212) 50-33-83 кеңсе нөмірі.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы
С. Амангельдинованың мақаласы
«Қашықтықтан бақылау қызметтердің көрсетілу мерзімдерінің бұзылуын алдын алу құралы»
Бүгінгі таңда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қашықтан мониторинг жүргізуде.
Аталған мониторингтің мақсаттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілерін анықтау болып табылады.
Мәселен, қашықтықтан мониторинг барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Осакаров аудандық аумақтық инспекциясы
(бұдан әрі - Инспекция) «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге карантинге жатқызылған өнімді әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік қызметі бойынша мерзім бұзушылық фактісі анықталды.
Бұл ретте, заңдылықты бұзғаны үшін лауазымды тұлғаға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 465-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Осы бағыттағы жұмыс мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды арттыру, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында жалғастырылатын болады.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы
С. Амангельдинованың мақаласы
EGOVKZBOT2.0» TELEGRAM БОТ-ПЛАТФОРМАСЫ – ҚҰҚЫҚТЫРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДІҢ ТЕТІГІ РЕТІНДЕ
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауға және қалпына келтіруге баса назар аудару болып табылады.
Департаментпен қызмет алушылардың бұзылған құқықтарына жылдам әрекет ету мақсатында «EgovKzBot2.0» Telegram бот ашылып, қызмет алушылар тарапынан туындап отырған мәселелеріне тез арада ден қойылып отыр.
Бүгінгі күнде аталған ботқа 56 мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының заңбұзушылықтар бойынша шағымы түсті.
Бұл ретте, заңбұзушылықтардың басым бөлігі мүлікке заңды құқықтарын тіркеу, құжат рәсімдеу, жер беру, сәулет және қала құрылысы қызметтері аясында орын алып отыр.
Егер мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде қандай да бір мәселелер орын алса (мысалы, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде артық құжаттар талап етсе, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзса немесе негізсіз бас тарқтан болса және т.б.) Сіз «EgovKzBot2.0» Telegram ботына өту арқылы шағымдарыңызға жауап ала аласыз.
Енді қазақстандықтарға мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚКО-ға жүгінудің қажеті жоқ. Азаматтар халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерін үйге шақыруға мүмкіндік беретін жаңа сервисті пайдалана алады. Белгіленген уақытта маман көрсетілген мекенжай бойынша келіп, мемлекеттік қызметті көрсете алады.
ХҚКО-дан тыс жерде менеджерлер төлқұжат, жеке куәлік, жүргізуші куәлігін алу және көлік құралдарын тіркеу жөніндегі қызметтерді қоспағанда мемлекеттік қызмет түрінің кез келгенін көрсете алатынын ескеру қажет.
Айта кетейік, пилоттық жоба Қазақстанның барлық өңірлерінде іске қосылды. Сервисті пайдалану үшін Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында «жеке менеджерді үйге шақыру» батырмасын басып, қажетті мәліметтерді толтыру қажет. Сондай-ақ, өтінімдерді 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы да беруге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» мамандары мәліметтерді нақтылау мақсатында және менеджердің келу уақытын белгілеу үшін қызмет алушымен байланысатын болады.
«Мемлекеттік корпорация тұрақты түрде сервистерді жетілдіру үшін жұмыс жүргізуде. Бұған дейін біз жеке менеджерлер арқылы ХҚКО-да басым кезек арқылы қызмет алу мүмкіндігін іске асырған болатынбыз. Енді халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандарын үйге шақыртып, қызметті үйден шықпай алуға болады. Бұл уақыт үнемдегісі келетін азаматтар үшін өте ыңғайлы", - деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу жобасын да іске асырған болатын. Қазіргі уақытта 144 мемлекеттік қызмет бойынша құжаттар жеткізіледі. Олардың ішінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, жер учаскелеріне актілер, апостиль қойылған құжаттар, мұрағаттық анықтамалар беру қызметтері бар.
Конституция күнін мерекелеуге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар, мамандандырылған орталықтар 30 тамыз жұмыс істемейтінін хабарлаймыз.
Айта кетейік, 31 тамызда кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар қызмет көрсетеді. Жұмыс уақыты 9:00-ден 13:00-ге дейін.
Дүйсенбі, 2 қыркүйектен бастап орталықтар азаматтарды әдеттегі кестеге сәйкес 9:00-ден 18:00-ге аралығында, кезекші ХҚКО-лар 20:00-ге дейін қабылдайды. Ал мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 18:00-ге дейін, сенбі күндері кезекші мамандандырылған орталықтар сағат 9:00-13:00 аралығында жұмыс істейтін болады.
Заңды мүддесі қорғалып, бұзылған құқығы қалпына келтірілді
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің функцияларының бірі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру болып табылады.
Ағымдағы жылы Департамент қызметкерлерімен 10 нан астам қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Соның ішінде, Департаментке Қарағанды қаласының тұрғыны Қарағанды облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясымен ұсынылған жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуден бас тартумен келіспейтіні туралы және бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді сұрап шағым білдірді.
Өз кезегінде Департамент шағымды объективті және жан-жақты қарау үшін маңызы бар құжаттарға құқықтық талдау жүргізді.
Шағымды қарау қорытындысы бойынша Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің атына Департамент қызмет алушының мүлкі техникалық параметрлерге сәйкестігі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге жолдау арқылы заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс - хат жолдады.
Осылайша, Департаменттің көмегімен қызмет алушының жылжымайтын мүлікіне құқықтары тіркеліп, бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтірді.
Бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру мәселесі мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде ерекше бақылауда.
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің
мемлекеттік қызметтер көрсету
басқармасының бас маманы
ҚАЙРАТ МҰРАТҰЛЫ ТЕМИРЖАНОВ
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне шағымдану тәртібі туралы ақпарат
ҚР Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 25-бабы
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қарау ерекшеліктері
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
1) көрсетілетін қызметті алушының шағымы бойынша орталық мемлекеттік орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі, көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация қабылдаған шешімге оның қанағаттанбауы себептерін кешенді зерделеуді қамтамасыз етуге;
2) орталық мемлекеттік орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі тарапынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталмау фактісі анықталған жағдайда олардың атына көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру жөнінде шаралар қолдану үшін ұсыныстар жіберуге;
3) көрсетілетін қызметті алушының шағымын орталық мемлекеттік орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі тарапынан қанағаттандырудың уақтылылығы мен толықтығын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Департаментке қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет алу барысында бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша шағым түсті.
Шағымда қызмет алушы «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бөліміне «Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулеренгізу» қызметіналуүшінжүгінген.
Алайда, қызмет алушы туу туралы куәлікте өрескел қателіктердің жіберілгенін байқап, мемлекеттік қызметтің сапасына қатысты Департаментке шағым білдірді.
Департаментпен аталған шағым негізінде тексеріс шаралары жүргізіліп, өрескел бұзушылықтардың орын алғаны анықталды.
Сонымен қатар, аталған құжатта тіркеу бөлімі басшысының қолы қойылмаған.
Тексеріс шараларының қорытындысы бойынша ХҚКО басшысының атына орын алған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау жөнінде хат жолданып, қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Департамент азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ете отырып, көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды және туындаған мәселелерге жеделден қою бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп отыр.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті