Таласов Август Шарападинович
Мичурин ауылдық округінің әкімі
Жалпы ақпарат, білімі
Таласов Август Шарападинович 1984 жылғы 21 тамызда Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген.
2006 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2012 жылы «Болашақ» Қарағанды университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алған.
Мансап
Еңбек жолын 2006 жылы «Абай ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы лауазымынан бастаған. Еңбек еткен жылдары маманнан басшыға дейінгі қызметтік жолдан өтіп, Абай ауданының мемлекеттік органдарында, атап айтқанда, Абай ауданының ішкі саясат бөлімінде, Абай ауданы әкімінің аппаратында, Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жауапты лауазымдарда қызмет атқарған.
2025 жылғы 3 қарашадан бастап Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
2026 жылғы 26 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін Абай ауданы Мичурин ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.