GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
Мемлекеттік қызметтер
18 ноября 2024
ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Қарағанды облысы бойынша Департаменті

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

  басқармасының бас маманы
С. Амангельдинованың мақаласы

 

 

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

 

Көрсетілетін қызмет алушылардың құқықтарын қалпына келтіру және заңбұзушылықтарды жою мақсатында жүргізілген жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.

Мәселен, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментіне «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша берілген бас тартумен келіспейтіндігі туралы қызмет алушы шағым білдірді.

Департаментпен жүргізілген бақылау шарасының нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізсіз екендігі анықталып, қызмет алушының бұзылған құқығы қалпына келтірілді.

Құрметті қызмет алушы, егер Сіздің құқығыңызды бұзу фактісі орын алса  Департаментке келесі мекен-жай бойынша жүгінуге болады: Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғ., 39. Байланыс нөмерлері 8 (7212) 50-40-66, 8 (7212) 50-33-83 кеңсе нөмірі. 

Мемлекеттік қызметтер
18 ноября 2024
Ақпараттық жүйелердің қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтірудегі рөлі

                                                                ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің            

                                                                Қарағанды облысы бойынша департаментінің            

                                                                басшысы, Әдеп кеңесінің төрағасы
                                                                Ж. Сәрсеннің мақаласы

Ақпараттық жүйелердің қызмет алушылардың бұзылған

құқықтарын қалпына келтірудегі рөлі

Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелер мемлекеттік қызметтер көрсетуді жеңілдетіп, азаматтардың құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасында цифрландыру процесі қарқынды дамып келеді, нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы артып, оның ашықтығы мен қолжетімділігі қамтамасыз етілуде. Ақпараттық жүйелер мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы қарым-қатынасты жеңілдетіп, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын тиімді қалпына келтіру үшін қажетті тетіктерді ұсынады.

Ақпараттық жүйелердіңқұқық қорғаудағы артықшылықтары туралы айтатын болсақ, ақпараттық жүйелердің енгізілуі мемлекеттік қызметтердің барынша ашық болуын қамтамасыз етеді. Электрондық үкімет платформалары, атап айтқанда eGov.kz, e-лицензиялау, АХАТ (азаматтық хал актілерін тіркеу) жүйелері азаматтарға өз құқықтарын қорғау мақсатында қажет ақпарат пен құралдарды алуға мүмкіндік береді. Бұл жүйелердің артықшылықтары келесідей:

  • Қолжетімділік пен жылдамдық: Азаматтар онлайн режимде мемлекеттік қызметтерге қол жеткізе алады, бұл олардың өз құқықтарын қорғау барысындағы кедергілерді азайтады.
  • Ашықтық: Әрбір азамат өз өтінішінің статусын қадағалап, қажетті мәліметтерді алу мүмкіндігіне ие.
  • Жүйелілік: Құжаттарды жоғалтқан немесе бүлінген жағдайда, электрондық жүйелерде сақталған ақпарат арқылы оны қалпына келтіру жеңілдейді.

Ақпараттық жүйелер арқылы құқық бұзушылықтарды анықтау және шағымдарды тіркеу мүмкіндігі де ерекше бағыт.

Себебі, электрондық үкімет порталы арқылы қызмет көрсету барысында кездесетін құқық бұзушылықтарды сол жүйеден шықпай-ақ тіркеуге мүмкіндік береді. Мысалы, азамат eGov.kz порталындағы арнайы бөлім арқылы шағым немесе өтініш қалдырып, мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі кемшіліктер мен құқық бұзушылықтарды хабарлай алады. Бұл шағымдар мемлекеттік органдар тарапынан қаралып, азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру үшін қажетті шаралар қабылданады. Сонымен қатар, азаматтың шағымын қарау нәтижелері де ашық түрде жарияланады.

Сонымен қатар, Агенттікпен қазіргі уақытта қызмет беруші мекемелердің ақпараттық жүйелеріне қолжетімділік берілуі арқылы қызмет алушылардың құқықтарының бұзылмауына қашықтықтан бақылау жүргізуге қол жеткізіп отыр. Ол арқылы қызмет алушылардың шағымын күтпестен орын алған заңбұзушылықтарға жылдам ден қоюға, талдау жүргізіп, уақытылы қажетті шараларды жүргізуге мүмкіндік беріп отыр.

Қызмет алушылардың бұзылған құқықтар қорғаудағы ақпараттық жүйелердің келесі маңызды рөлдерінің бірі – мемлекеттік органдардың қызмет көрсету процесінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру, артық құжаттар талап ету, мерзімнің кешіктірілуі сияқты әкімшілік кедергілердің алдын алуға көмектеседі. Осылайша, азаматтар өздерінің құқықтарының бұзылмауын қадағалап, құжаттар мен өтініштердің қаралу барысын бақылап отырады.

Қорыта келе, ақпараттық жүйелер Қазақстан Республикасында қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруде маңызды құрал болып табылады. Олар мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңайлатып, ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Азаматтар өз құқықтарын қорғауға бағытталған заманауи ақпараттық жүйелер арқылы өз мәселелерін тезірек және тиімдірек шешуге мүмкіндік алады. Алдағы уақытта Агенттікпен ақпараттық жүйелерді жетілдіру және қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытында жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Мемлекеттік қызметтер
18 ноября 2024
Куәліктің көшірмесін қалай алуға болады

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Қарағанды облысы бойынша департаментінің

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

  басқармасының бас маманы
А. Сахариеваның мақаласы

 

Куәліктің көшірмесін қалай алуға болады

 

Азаматтың туу фактісін растайтын туу туралы куәлік маңызды құжаттардың бірі болып табылады және оны әр адам өмір бойы мұқият сақтау керек. Кейде көп құжаттардың арасында куәлік табылмайтын жағдайлар кездесіп жатады. Сондықтан, жоғалған туу туралы куәлікті қалай қалпына келтіруге болатындығын білу маңызды.

Заңнамада жоғалған құжаттарды қайта алу тәртібі қарастырылған. Азаматтық хал актілері саласындағы заңнамаға сәйкес куәліктің көшірмесін мына адамдар ала алады: кәмелетке толған азаматтар өздері үшін; заңды түрде кәмелетке толмаған азаматтың мүдделерін білдіретін адамдар; қайтыс болған адамның жақын туыстары; ата-аналар немесе қамқоршылар; сенімді тұлға; мемлекеттік органдардың ресми өкілдері.

Басқа тұлғалар, сондай-ақ өз баласына деген ата-ана құқығынан айырылған ата-аналар қайталама туу туралы куәлікті ала алмайды.

Көбінесе куәлік қайтыс болған адамның туыстарына мұра алу үшін қажет. Себебі, өзге құжатта (паспортта немесе жеке куәлікте) туыстық қатынастар туралы ақпарат көрсетілмейді. Адамның туылғанын растайтын құжатты жоғалту немесе оның бүлінуі осы құжаттың көшірмесін алу үшін қалпына келтіруге негіз болып табылады. Егер құжат бүлінсе және одан белгілі бір мәліметтерді оқу мүмкін болмаса (мөрі оқылмайтын болса), оны ауыстыру қажет. Бұл жағдайда ХҚКО қызметкерлеріне бүлінген құжатты ұсыну керек.

Жоғалтқан үшін айыппұл төлеу заңда қарастырылмаған. Алайда,
кез-келген жағдайда, құжатты қалпына келтіргенде мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін мемлекеттік баж төлеу керек (1 АЕК мөлшерінде).

Қайда барып қалпына келтіруге болады? Қайталама куәлікке бірнеше жолмен тапсырыс беруге болады.

Олар:

1)  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады;

3) Шетелден қайталама куәліктерді немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамаларды сұратқанда көрсетілетін қызметті берушіге АХАТ органдарына жүгіну қажет.

- Азаматтық хал актісін Қазақстан Республикасының аумағында тіркеу кезінде, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру - 3 (үш) жұмыс күні;

- АХАЖ АЖ-нде актілік жазба болмаған жағдайда, қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын уақытқа, қызметті алушыға 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабарлана отырып, ұзартылады;

- Портал арқылы жіберген кезде - өтінішті қабылдауды растау туралы хабарлама жеке кабинетке 1 (бір) жұмыс күні ішінде жіберіледі.

          Қазақстан Республикасы азаматтарына ыңғайлы болу үшін азаматтық хал актілерінің барлық түрлерін тіркеу бойынша, оларға өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізу, актілерді қалпына келтіру және жою, қайталама куәліктер мен анықтамаларды алу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер экстерриториялық принципімен көрсетіледі. Бұл дегеніміз, құжаттар (туу туралы куәлік, қайтыс болу туралы куәлік, неке қию туралы куәлік, неке бұзу туралы куәлік, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы куәлік) жоғалған жағдайда азамат Қазақстан Республикасының аумағында, тұрғылықты жеріне, туылған жеріне немесе актілік жазбаның орналасқан жеріне қарамастан, ХҚКО-ның кез-келген бөлімшелесіне жүгініп, қайталама куәлік (анықтама) ала алады.

Сонымен қатар, қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет алу барысында әкімшілік кедергілер (мерзімін бұзу, артық құжаттар талап ету, төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол беру т.б.)  кездескен жағдайда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне Қарағанды қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 39 мекенжайы бойынша немесе «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жүгінуге болады. Статья главного специалиста

 

Мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат
16 октября 2024
Қашықтықтан бақылау қызметтердің көрсетілу мерзімдерінің бұзылуын алдын алу құралы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер  басқармасының бас маманы
С. Амангельдинованың мақаласы

 

 

«Қашықтықтан бақылау қызметтердің көрсетілу мерзімдерінің бұзылуын алдын алу құралы»

 

Бүгінгі таңда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қашықтан мониторинг жүргізуде.

Аталған мониторингтің мақсаттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілерін анықтау болып табылады.

Мәселен, қашықтықтан мониторинг барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Осакаров аудандық аумақтық инспекциясы
(бұдан әрі - Инспекция) «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге карантинге жатқызылған өнімді әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік қызметі бойынша мерзім бұзушылық фактісі анықталды.

Бұл ретте, заңдылықты бұзғаны үшін лауазымды тұлғаға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 465-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Осы бағыттағы жұмыс мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды арттыру, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында жалғастырылатын болады.

Мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат
10 октября 2024
«EGOVKZBOT2.0» TELEGRAM БОТ-ПЛАТФОРМАСЫ – ҚҰҚЫҚТЫРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДІҢ ТЕТІГІ РЕТІНДЕ

 Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

                                                                                          Қарағанды облысы бойынша Департаментінің

                                                                                          Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер 

                                                                                          басқармасының бас маманы
                                                                                         С. Амангельдинованың мақаласы

              

EGOVKZBOT2.0» TELEGRAM БОТ-ПЛАТФОРМАСЫ – ҚҰҚЫҚТЫРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДІҢ ТЕТІГІ РЕТІНДЕ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауға және қалпына келтіруге баса назар аудару болып табылады.

Департаментпен қызмет алушылардың бұзылған құқықтарына жылдам әрекет ету мақсатында «EgovKzBot2.0» Telegram бот ашылып, қызмет алушылар тарапынан туындап отырған мәселелеріне тез арада ден қойылып отыр.

Бүгінгі күнде аталған ботқа 56 мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының заңбұзушылықтар бойынша шағымы түсті.

Бұл ретте, заңбұзушылықтардың басым бөлігі мүлікке заңды құқықтарын тіркеу, құжат рәсімдеу, жер беру, сәулет және қала құрылысы қызметтері аясында орын алып отыр.

Егер мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде қандай да бір мәселелер орын алса (мысалы, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде артық құжаттар талап етсе, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзса немесе негізсіз бас тарқтан болса және т.б.) Сіз «EgovKzBot2.0» Telegram ботына өту арқылы шағымдарыңызға жауап ала аласыз.

Мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат
31 июля 2024
Құжаттағы қателіктер өзгертіліп, қайта ұсынылды

Департаментке қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет алу барысында бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша  шағым түсті.

Шағымда қызмет алушы «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бөліміне «Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулеренгізу» қызметіналуүшінжүгінген.

Алайда, қызмет алушы туу туралы куәлікте өрескел қателіктердің жіберілгенін байқап, мемлекеттік қызметтің сапасына қатысты Департаментке шағым білдірді.

Департаментпен аталған шағым негізінде тексеріс шаралары жүргізіліп, өрескел бұзушылықтардың орын алғаны анықталды.

Сонымен қатар, аталған құжатта тіркеу бөлімі басшысының қолы қойылмаған.

Тексеріс шараларының қорытындысы бойынша ХҚКО басшысының атына орын алған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау жөнінде хат жолданып, қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Департамент азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ете отырып, көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды және туындаған мәселелерге жеделден қою бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп отыр.

Мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат
04 июня 2024
ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Қарағанды қаласының  тұрғыны жер учаскесін жалдау шартын ұзарту кезінде жергілікті атқарушы органның тарапынан бірталай қиындықтарға тап болған.

Әкімдіктен нақты түсініктеме алмаған қала тұрғыны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне шағымдану арқылы өз құқығын қорғауға шешім қабылдаған.

Өз кезегінде, Департаментпен жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша жалға алушы шарттық міндеттемелерді бұзбағандығы, сонымен қоса, әкімдікпен  берілген бас тартудың заңды негіздері жоқ екендігі анықталып, бұзушылықтарды жою және жалға алушының құқықтарын қалпына келтіру туралы ұйғарым енгізілді. Бұл шешім Қарағанды тұрғынына жер учаскесін заңды негізде пайдалануға мүмкіндік берді.

Көрсетілген жағдай азаматтық құқықтарды қорғаудың маңыздылығын және мемлекеттік органдардың халыққа қызмет көрсетуде іс-әрекеттерінің ашықтығын қамтамассыз ету қажеттілігін көрсетеді.

Қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет алу барысында әкімшілік кедергілер (мерзімін бұзу, артық құжаттар талап ету, төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол беру т.б.)  кездескен жағдайда ұсыныстарынызды Департаментке Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39 мекен-жайы бойынша немесе   Е-Өтініш платформасы арқылы бере аласыздар.

 

Мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат
06 мая 2024
Департамент 250 гектар жерге құқықтық қалпына келтірді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің функцияларының бірі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру болып табылады.

Атапайтқанда, биылғы жылы Осакаров ауданының тұрғыны ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін 250 гектардан астам жер учаскесін беруден негізсіз бас тарту фактісімен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне шағым білдірген.

Аталған шағым негізінде, Департамент (бұдан әрі- Департамент) қызметкерлері Осакаров ауданының әкімдігінде жоспардан тыс тексеріс жүргізіп,мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңнама талаптарының бұзылуына жол берілгенін анықтады.

Тиісінше шағымды қарау нәтижесі бойынша Осакаров ауданы әкімдігінің атына бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым енгізілді.

Осылайша, Департаменттің тікелей араласуымен көрсетілетін қызметті алушыға жер комиссиясының шешімімен Осакаров ауданында ауыл шаруашылығы қажеттіліктерін жүргізу үшін 250 гектардан астам жер учаскесі беріліп, қызмет алушының бұзылған құқықтары мен заңды мүдделері қалпына келтірді.

Бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру мәселесі Департаменттің ерекше бақылауында.

Мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат
20 марта 2024
Бұзушылық үшін жазаланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментіне Шахтинск қаласының тұрғыны Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясымен жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден негізсіз бас тартуына қатысты шағымданған болатын.

Тексеру қорытындысы бойынша Департаментпен шағым иесінің жылжымайтын мүлігіне құқықты мемлекеттік тіркеуден негізсіз бас тартқаны анықталды.

Сәйкесінше Департаменттің тікелей араласуымен шағым иесінің жылжымайтын мүлігіне құқықтарды тіркеліп, қызмет алушының бұзылған құқығы қалпына келтірілді.

Өз кезегінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуде заңдылықты бұзуға жол берген Мемлекеттік корпорацияның бөлім басшысы мен бас маманы тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды.

Қызмет алушылардың бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерін қалпына келтіру мәселесі Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің ерекше бақылауында.

 

Мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат
06 марта 2024
Қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер  басқармасының бас маманы
С. Амангельдинованың мақаласы

              

Қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

Былтырғы жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі – Департамент) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты қызмет алушылардан 60-тан астам астам өтініш келіп түскен.

Олардың басым көпшілігі жер қатынастары, тұрғын үй және әлеуметтік салаларға қатысты түскен болатын.

Кез келген шағымды Департамент қызметкерлері толық зерделеп, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін заңмен көзделген бақылау шараларын жүргізеді.

Мысалға, Департаментке «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ-мен «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша қабылдаған шешімімен келіспеу жөнінде қызмет алушының өтініші түсті.

           Атап айтқанда,  қызмет алушыға қатысты қайта куәландыру жүргізудің нәтижесінде сараптамалық шешіммен оған «жалпы ауру» себебінен екінші топ мүгедектігі, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі 1 жыл мерзімге белгіленген.

           Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаевпен халықтың әлеуметтік осал топтарының  құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырмалар берген болатын.

           Бұл орайда, Департаменттің тікелей араласуымен шағымдану бойынша тексеру жүргізу барысында Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі мамандарының және шақырылған сарапшылардың пікірлерін ескере отырып, қызмет алушыға мүгедектіктің мерзімін «қайта куәландыру мерзімінсіз» белгілеу туралы шешім қабылданды.

Яғни, қызмет алушының құқығының қалпына келтірілуі қамтамасыз етілді.

Егер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңнама талаптарының сақталмағанына куә болсаңыз, яғни мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылса, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылса, артық құжаттар талап ету фактісі болса немесе қызмет көрсету талабы бұзылса, Сіз құқығыңызды Департаментке шағымдану арқылы  қорғай аласыз. Біздің мекен-жайымыз: Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39.

Байланыс нөмерлері: 8 (7212) 50-40-66, 8 (7212) 50-33-83 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы