Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Ұлытау облысы бойынша аумақтық департаментінің бас маманы, C-О-5 (1 бірлік)

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

С-О-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Автоматтандыру және басқару
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Инженерлік жүйелер және желілер
  • Қатты отынның химиялық технологиясы
  • Тау-кен инженері электромеханик
  • Жылу электр желілері

Функционалды міндеттер

 Электр станциялары, электр желілерінің сенімді, қауіпсіз жұмыс істеуіне, сондай-ақ тұтынушылардың электр тұтыну энергетикалық жабдығының пайдаланылуына және техникалық жағдайына бақылауды жүзеге асыру. Электр энергетикасы обьектілеріндегі авариялық, технологиялық бұзушылықтар мониторингі және талдау. Электр энергиясының сапасы бойынша техникалық шарттардың сақталуына, электр станцияларының, электр желілерінің күзгі қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындығына бақылауды жүзеге асыру. Электр энергетикасы саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу. Аумақтық департаменттің жұмыс жоспарын жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Өңірлік деңгейде талдамалық материалдарды дайындау. Аналитикалық материалдарды, электр энергиясын өңірлік деңгейде өндіру және тұтыну теңгерімін дайындау. Электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйым басшыларының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білуіне біліктілік тұрғысынан тексеруді қатысу және ұйымдастыру. Электроэнергетика саласындағы Стандартарға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарауды жүзеге асыру.

 

 

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 24.04.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.04.2024 – 04.05.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

14.05.2024

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу онлайн режимде ZOOM платформасы арқылы өткізіледі

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)64-81-92