Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосу» индикаторын жақсарту жөніндегі іс-шаралар

Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің (бұдан әрі – ДЭФ ЖБҚИ) рейтингінде Қазақстанның көрсеткіштерін жақсарту мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің осы рейтингте индикаторларды жақсарту жөніндегі кешенді шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде:
- техникалық шарттарды беру, жобалық шешімдерді келісу және электрмен жабдықтау шартын жасасу, сондай-ақ тұтынушыларды электрмен жабдықтау сапасының сенімділігі бөлігінде Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасының орындалуына ай сайынғы мониторинг жүргізіледі;
- ай сайынғы негізде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің елдегі кәсіпкерлік қызметті жақсартуға, тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасына және Қазақстанның ДЭФ ЖБИ-дегі «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосу» индикаторы бөлігіндегі ұстанымын жақсартуға бағытталған шаралары туралы құқықтық түсіндіру жұмысы жүргізілуде.
Электрмен жабдықтау желілеріне қосу рәсімін оңайлату мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – Департаменттер) тұрақты негізде құқықтық түсіндіру жұмысы іс-шараларын орындау, тұтынушыларды қосу туралы ақпарат беру және электрмен жабдықтау сапасына тұтынушылардың қанағаттанушылығына сауалнама жүргізу бойынша жұмыстар жүргізуде.
Сондай ақ, Нұр-сұлтан қаласы бойынша Департамент 2022 жылғы
28 маусымда ДЭФ ЖБҚИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.
Алматы қаласы бойынша Департамент 2022 жылғы 23 маусымда «atameken.kz» ақпараттық-талдау сайтына сұхбат берді.
Шымкент қаласы бойынша департамент 2022 жылғы 30 маусымда «Oinet.kz» ақпараттық-талдау сайтына мақала жариялады.
Ақмола облысы бойынша Департамент 2022 жылғы 29 маусымда ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.
Ақтөбе облысы бойынша Департамент 2022 жылғы 15 маусымда «Актюбинский вестник» газетіне сұхбат берді.
Алматы облысы бойынша Департамент 2022 жылдың 11 маусымында «JETISY» газетіне сұхбат берді.
Атырау облысы бойынша департамент 2022 жылғы 7 маусымда ДЭФ ЖБҚИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департамент 2022 жылғы
1 шілдеде ДЭФ ЖБҚИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.
Жамбыл облысы бойынша департамент 2022 жылдың 21 маусымында «Жаңа өмір» газетіне сұхбат берді.
2022 жылғы 30 маусымда Батыс Қазақстан облысы бойынша Департамент ДЭФ ЖБҚИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.
Қарағанды облысы бойынша Департамент 2022 жылғы 15 маусымда «krec.kz» сайтында сұхбат орналастырды.
Қостанай облысы бойынша Департамент 2022 жылғы 7 маусымда Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің ресми сайтына сұхбат берді.
Қызылорда облысы бойынша Департамент 2022 жылдың
20 маусымында «Сыр дидары» газетіне сұхбат берді.
Маңғыстау облысы бойынша Департамент 2022 жылғы 1 шілдеде Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайтына сұхбат берді.
Павлодар облысы бойынша департамент 2022 жылдың 8 маусымында «Голос Экибастузе» газетіне мақала жариялады.
Солтүстік қазақстан облысы бойынша департамент 2022 жылғы
13 маусымда ДЭФ ЖБҚИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.
Түркістан облысы бойынша департамент 2022 жылғы 26 маусымда «MediaON.kz» сайтта сұхбат жариялады.