Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы үшін оқу курсын өткізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы үшін оқу курсын өткізу туралы

АҚШ Қорғаныс министрлігінің қатерді азайту жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасында оқу курсын өткізуде

«Жаһандық ядролық физикалық қауіпсіздік» бағдарламасы бойынша Халықаралық келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы АҚШ Қорғаныс министрлігінің қауіп-қатерін азайту жөніндегі агенттік 2022 жылғы 28 наурызбен 1 сәуір аралығында Өскемен қаласындағы ҚР Ұлттық ұланының дағдарысқа қарсы оқу орталығында «Ядролық физикалық қауіпсіздік саласындағы қорғау әдістері» тақырыбында оқу курсын өткізеді».

Оқу курсы 2022 жылға арналған оқу курстарының келісілген және бекітілген тізімі шеңберінде өткізілетін болады. Курс бағдарламасы мыналарды қамтиды:

  • әкімшілік талаптар және күзет күштері персоналын қадағалау,
  • күзет күштерін жарақтандыру және жабдықтау,
  • күзетшілердің рәсімдері мен бұйрықтары және олардың талаптары,
  • оқу/біліктілік бағдарламаларына қойылатын талаптар,
  • есептік қауіпке негізделген қорғаныс стратегиясының персонал ресурстарын басқаруға әсері.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының өкілдеріне арналған.