Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға 2017-2018 жж., күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беруді жалғастыруда

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) комиссиясы энергетикалық кәсіпорындардың 2017-2018 жж., күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін берген өтініштеріне және оларға қоса берілген деректердің Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларының энергия өндіруші және энергия тасымалдаушы ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алу шарттарына сәйкестігі бойынша кезекті отырысын өткізді.
Комитет отырысының қорытындысы бойынша келесі энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарына әзірлік паспортын беру туралы шешім қабылданды: "Мангистауская распределительная электросетевая компания" АҚ, "Уральская ГТЭС" ЖШС, "Kazakhmys Energy" ЖШС БТЭС, "СНПС-Актобемунайгаз" АҚ, "Қарағанды Жарық" ЖШС, «ГЭС Лепсы-2» ЖШС, «Казахтуркмунай» АҚ, «Саутс-Ойл» ЖШС ГТЭС, «Компания А&Т-энерго» ЖШС, «Первая ветровая электрическая станция» ЖШС, «Казцинк» ЖШС Бұқтырма гидроэнергетикалық комплекс, «КАЗЦИНК-ЭНЕРГО» ЖШС, "Астана РЭК" АҚ, "Жезказганская распределительная электросетевая компания" АҚ, "Кызылординская РЭК" АҚ, "Бакырчикское горнодобывающее предприятие" ЖШС, "АЭС Шульбинская ГЭС" ЖШС, "Севказэнерго" АҚ 2-ЖЭО, "Экибастузская ГРЭС-2" АҚ, "Актюбинский рельсобалочный завод" ЖШС, "Ақтөбе ЖЭО" АҚ, "ТНК "Казхром" АҚ, "Петро Казахстан Кумколь Ресорсиз" АҚ, "Согринская ТЭЦ" ЖШС, Рудный қаласының әкімдігі "КУН" МКК, "Жамбылские электрические сети" АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, сондай-ақ әзірлік паспортын алу үшін шарттарды орындағанын анықтайтын ұсынылған құжаттардың көлемі мен мазмұнының сәйкессіздігі себепті «Шардара су электр станциясы» АҚ-ға әзірлік паспортын беруден бас тартты.