Қытай АҚШ-ты ығыстырып, 20 жылдан кейін атом энергетикасы саласында көшбасшы бола алады – ХЭА

Қытай АҚШ-ты ығыстырып, 20 жылдан кейін атом энергетикасы саласында көшбасшы бола алады – ХЭА

Қытай келесі 20 жыл ішінде АҚШ-ты озып және әлемдегі ядролық энергияны ірі өндірушілердің қатарына еніп, атом энергетикасы саласында қуатын 3 есеге арттыруы мүмкін деп болжайды Халықаралық энергетикалық агенттігі (ХЭА).

ХЭА Атқарушы директоры Фатих Бироль, сәрсенбі күні Лондондағы International Petroleum Week конференциясында баяндама жасап, АҚШ пен Еуропа ядролық энергетика саласына инвестиция аз салуда, ал Қытай алға ұмтылуда деп хабарлайды MarketWatch.

«Бүгінгі күні құрылыс процесінде 60 атомдық электростанция бар, олардың үштен бір бөлігінен астамы Қытайда орналасқан. Қытай алға ұмтылуда, және нәтижесінде ол жақын уақытта АҚШ-ты озып шығып, әлемдегі атом энергетикасы саласындағы «нөмірі бірінші» болады», - деді Ф.Бироль.

Оның сөзіне қарағанда, АҚШ бұл салада 60-шы жылдардан бастап әлемдік көшбасшы болған. Ол АҚШ-тың атом энергетикасындағы позициясына қауіп төндіретін екі трендті атап өтті: осы саладағы бар қуатты аз мөлшерде ұлғайту және бар қуаттардың пайдалану мерзімін ұлғайтудан бас тарту.

Дәл осындай жағдай Еуропаға да тән, деп мәлімдеді Ф.Бироль. Атом энергетикасы саласындағы аймақтағы көшбасшы болып табылатын Францияда соңғы жылдардағы кәсіпорындардың өндіруі күрт азайды.

«Егер осы үрдістер жалғасса, АҚШ-тың әлемдік атом энергиясын өндіруі қазіргі 20 пайыздан 7 пайызға дейін азаяды», - деп болжайды Ф.Бироль.

ХЭА бағалауы бойынша, 2040 жылға қарай ҚХР жалпы энергетика құрылымында атом энергетикасының үлесі 2016 жылдағы 2 пайызбен салыстырғанда 4 пайыз құрайтын болады.

 

Дереккөзі: atomic-energy.ru