Алматыда Қазақстан мен ТМД елдерінің электр энергетикасы ардагерлерінің X форумы өтті

Іс-шара 2018 жылдың 8 маусымында Алматы қаласында өтті. Форум жұмысына энергетика саласының 80 ардагері қатысты. Олар - Ресейдің, Өзбекстанның, Қырғызстанның және Тәжікстанның қонақтары, Қазақстанның барлық өңірлерінен құрметті ардагерлер.
Форумда ардагерлер еліміздің экономикасын дамытуда энергетикалық сектордың маңызды рөліне ерекше назар аударды. Форумға қатысушылар энергетикалық компаниялар - табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіндегі бірқатар шешілмеген мәселелерді атап өтті.
Бұдан басқа, Форумда энергетиктер ардагерлеріне марапаттау рәсімі өтті. Осылайша, «ҚЭҚ-ның еңбек сіңірген энергетигі» атағы ЗТК электротехникалық бөлімінің бастығы Вадим Ветлугинге және 2-ЖЭО бас инженері Артур Таяновқа берілді; «ҚЭҚ-тың құрметті энергетигі» атағы - 3-ЖЭО электр цехының бастығы Владимир Пустоваловқа, «Энергоремонт» ОКО-ның 2-ОШЕ бастығы Сәкен-Марат Құсербаевқа және «Энергоремонт» ҚСП-ның СРПЭ-1 басқарушысы Дмитрий Дороховқа берілді. «Ардагер энергетик» атағына 1-ЖЭО басқарушы директоры Ғалым Жаңбыршы, «Қапшағай ГЭС» АҚ-ның бұрынғы бас инженері Виктор Конищевке, Каскад ГЭС бұрынғы бас инженері Жақсыбек Шоланбаевқа, 2-ЖЭО өндіріс учаскесі мастері Әуезхан Әбиевке, отын-энергетикалық кешеннің бұрынғы басшысы Гафуржан Сүйіндіковқа берілді.