«Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 122 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрық жобасы


Хабарлама
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 122 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрық жобасын Комитеттің ресми интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғанын хабарлайды.
Осыған байланысты Комитет аталған жобаны талқылауға шақырады (сілтемелер: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15332488 ,
https://www.gov.kz/memleket/entities/kaenk/documents/details/761030?lang=ru ).
06 желтоқсан 2024
Хабарландыру