Электр энергетикасы саласының қызметкерлері арасындағы «PavEnergyCHESS-2020» 1-ші шахмат онлайн блицтурнирі


Жарыстар chess.com вебсайты платформасында қашықтықтан үш кезеңде 01.06.2020, 15.06.2020, 04.07.2020 жүргізілетін болады. Қатысушылар электрондық пошта арқылы сайтта тіркеліп, PavEnergyCHESS шахмат клубына кіру керек. Барлық кезеңдердің басталуы сағат 13:00-де. Әр кезеңдегі турлар саны қатысушылардың санына байланысты анықталады.
Жарысты өткізу бойынша жалпы басшылықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті жүзеге асырады.
Барлық 3 кезеңнің қорытындысы бойынша жеке сынақтардағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті басшылығының грамоталарымен (ерлер мен әйелдер жеке) марапатталады.
Өтініштер PavEnergyCHESS@mail.ru электрондық поштаға қабылданады.
01 маусым 2020
04 шілде 2020
chess.com
Конкурс