GOV.KZ – Единая платформа цифровых ресурсов государственных органов (ЕПЦР ГО)

Меню
Страницы
Онлайн-приемная
Об управлении
Пресс-центр
Контакты
Деятельность
Документы
Все материалы
26 августа 2026
Акция «Народный юрист» пройдет в Шымкенте 28 августа

По поручению акима города, 28 августа 2026 года в городе Шымкент пройдет акция «Народный юрист».

Акция начнется в 16.00 в городе Шымкент, в парке «Арбат» (улица Бейбитшилик, 4-6).

Цель акции – повышение правовой грамотности населения и оказание юридической помощи. Любой гражданин может прийти и получить бесплатно необходимую консультацию у лучших представителей юридической общественности страны. Среди них – представители местного исполнительного органа, территориальных и правоохранительных органов, прокуроры, следователи, судебные исполнители, адвокаты, нотариусы и другие.

 

 

 

 

 

27 июля 2026
Акция «Народный юрист» пройдет в Шымкенте 31 июля

Акция «Народный юрист» пройдет в Шымкенте 31 июля

По поручению акима города, 31 июля 2026 года в городе Шымкент пройдет акция «Народный юрист».

Акция начнется в 16.00 в городе Шымкент на «Арбате» (улица Мира, 4-6).

Цель акции – повышение правовой грамотности населения и оказание юридической помощи. Любой гражданин может прийти и получить бесплатно необходимую консультацию у лучших представителей юридической общественности страны. Среди них – руководители местного исполнительного органа, территориальных и правоохранительных органов, прокуроры, следователи, судебные исполнители, адвокаты, нотариусы и др.

26 декабря 2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ 2025 ЖЫЛДЫҢ 11 АЙЫНДАҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ БАСПАСӨЗ БРИФИНГІНДЕ БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы 2025 жылдың 11 айында бекітілген жоспарлар мен индикаторларға сәйкес бірқатар маңызды жұмыс атқарды.

Басқармада бекітілген штаттық құрылымға сай 28 мемлекеттік қызметкер қызмет атқаруда. Жобалық кеңсе аясында бекітілген бюджет және l-komek индикаторлары бойынша жұмыстар жоспарға сәйкес орындалуда.                                                                                                                                           • Жер балансы: Шымкент қаласының жалпы аумағы 116 280 гектарды құрайды. Қала 5 ауданға және тұрғын үй, әлеуметтік, комммерциялық және өзге аймақтарға бөлінген. Жер қорының есебі тұрақты жүргізілуде.                                                                                                                                                            • Арыз-шағымдар мен өтініштер: 2025 жылдың 11 айында басқармаға 7140 кіріс хат тіркеліп, оның ішінде 3299-ы арыз- шағымдар болды. Барлық өтініштерге уақтылы жауап берілді. Сонымен қатар, 9 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 38486 өтінім қабылданып, көрсетілді. «l-komek» бірыңғай байланыс орталығы арқылы түскен 20 арыз-шағымға тиісті жауаптар берілді.                                              • Қала әкімдігінің қаулылары: 11 айда қала әкімдігімен жалпы 5649 қаулы қабылданып, оның ішінде мемлекеттік мекемелерге, кәсіпкерлік және жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру, сондай-ақ нысаналы мақсаттарды өзгерту мәселелері қамтылды.                                                                     • Жерді бақылау және заңбұзушылықтар: 2023-2025 жылдары игерілмеген және заңсыз пайдаланылған жерлер бойынша 351 хат жолданып, 1700-ден астам жер учаскесі анықталды.2025 жылы заңсыз салынған нысандар бойынша бірқатар істер сотта қаралуда.                                            • Мемлекет мұқтажы үшін жерді қайтару: Жыл басынан бері 398 жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылып, өтемақы төленді немесе тең бағалы жер берілді.                                                             • Құқықтық жұмыс: 2025 жылдың 11 айында басқарма соттарда 744 іске қатысты. Оның ішінде талапкер, жауапкер және мүдделі тұлға ретінде қатысу арқылы жер қатынастары саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізілді.

17 декабря 2025
БАСҚАРМА МАМАНДАРЫ ТИІСТІ НАГРАДАЛАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

2025 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ ұйымы мүшелері «Түркістан облысының ауыл, орман шаруашылығы, табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің марапаттарына ұсынылып, тиісті наградалармен марапатталды.

  1. Басқарманың құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Н. Зайров мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жылдар бойы нәтижелі еңбек етіп, қоғамға қосқан елеулі үлесі үшін «Еңбек даңқы» медалімен марапатталды;
  2.  Жер қатынастарын реттеу мен аукцион бөлімі бас маманы Ш. Дүйсебаев және Жерлерді мемлекет мұқтажына қайтару бөлімінің бас маманы Н. Садуақас мемлекеттік қызмет көрсету саласында үздік нәтижелерге қол жеткізгендері үшін «Үздік қызметкер» медалімен марапатталды.
11 декабря 2025
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа төраға Бұхарбай Рысқұлұлы Парманов жетекшілік етті. Жиынға кеңес мүшелері, тиісті мемлекеттік орган басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес басқарма басшыларының есептері, сондай-ақ Жер қатынастары басқармасының атқарылған жұмыстары жөніндегі басқарма басшысы Азат Рахымбердіұлы Исламовтың баяндамасы тыңдалды.

Қоғамдық кеңес мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етіп, халық пен билік арасындағы байланыстырушы көпір қызметін атқарады. Салалық басқармалардың есептері алдағы жұмыстың бағыт-бағдарын айқындауға және тұрғындардың мүддесіне сай шешімдер қабылдауға негіз болмақ.

04 декабря 2025
ЖЕР УЧАСКЕСІ МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫ ҮШІН МӘЖБҮРЛЕП ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРЫЛДЫ

Шымкент қаласы әкімдігінің 08.07.2025 жылғы  жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы қаулысы негізінде 50 мектеп-гимназиясына кіріс-шығыс жолын кеңейту үшін  жер учаскесі мен ондағы жылжымайтын мүлік мемлекет мұқтажы үшін өтемақы төлеу жолымен мемлекет меншігіне қайтарылып, құрылыс нысанын бұзу жұмыстары жүргізілді.

25 ноября 2025
ШЫМКЕНТ: 341 УЧАСКЕ МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫНА АЛЫНДЫ

2025 жылдың басынан бері Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы тарапынан 341 жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынды. Бұл жұмыстар қаланың Бас жоспарына сәйкес, қала әкімдігінің қаулылары негізінде жүзеге асырылуда.

Соның ішінде 298 жер учаскесінің иесіне мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт негізінде қаржы төленді, ал 43 учаскеге тең бағалы жер учаскесі берілді.
Қазіргі таңда мегаполиске маңызды нысандардың құрылысына қарастырылған жер телімдерін мемлекет мұқтажына қайтару жұмыстары атқарылуда.

Негізгі бағыттар:

1. Қонаев даңғылы жалғасының 5-кезеңінің құрылысына 270 жер учаскесі түседі, қазіргі таңда 253 учаскенің иесіне өтемақы төленіп, мемлекет мұқтажына алынды.
2. А-2 автожолының (Бадам өзенінен Қазығұрт шағынауданындағы айналма жолға дейін) құрылысы 80 жер учаскесін қамтиды, бүгінде 25 учаскеге өтемақы төленіп, мемлекет мұқтажына алынды
3. С.Бәйтереков көшесінің жалғасы – Ы.Алтынсарин көшесін (Алматы көшесінен Тұран шағынауданына дейін) қайта құру құрылысына 56 учаске қажет болса, 42 жер учаскесінің иесіне өтемақы төленіп, мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылды.
4. Қазиев көшесінің жалғасын салу үшін (Арғынбеков көшесінен Төлеметов көшесіне дейінгі аралығы) жалпы 25 жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынуға жатады. Қазіргі таңда 21 учаске толық мемлекет меншігіне қайтарылған.

11 ноября 2025
QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ: “ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ” ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің бастамасымен қолға алынған «Шымкентті дамытуға халықтың үлесі» жобасы тұрғындарға қаланың дамуына өз ойы мен ұсынысын тікелей жеткізуге мүмкіндік береді.

Қала әкімінің халықпен кездесуі мен шаһарды аралауы барысында тұрғындардан көптеген ұсыныс пен бастамалар түсіп жатады. Енді бұл пікірлер арнайы жүйе арқылы қабылданады.

Жобаны жүзеге асыру аясында алдағы уақытта қоғамдық орындар мен автобустарда QR-кодтар орнатылады. Сол арқылы тұрғындар қаланы дамытуға қатысты өз идеялары мен ұсыныстарын оңай жолдай алады.

Ғабит Әбдімәжитұлының сөзінше, бұл жоба — әр азаматқа Шымкенттің дамуына жеке үлес қосып, оң өзгерістердің бір бөлігі болуға мүмкіндік береді. Түскен барлық ұсыныс мұқият қаралып, ең өзекті әрі пайдалы бастамалар нақты жүзеге асырылады.

Бұл бастама — әкімдік пен халық арасындағы ашық диалогты нығайтуға және қаланы дамытуға күш жұмылдыруға бағытталған нақты қадам.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

10 ноября 2025
ҚАЛА АУМАҒЫНДА ҚҰЖАТСЫЗ НЫСАНДАРДЫ АНЫҚТАУ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласы аумағындағы жер телімдеріне зерделеу жүргізіліп, құжатсыз нысандар, мемлекет жерін заңсыз иелену фактілері анықталуда. Нәтижесінде бұрын салынған, қазіргі таңда құжатсыз тұрған 2314 тұрғын құрылысы нысаны анықталды. Оның ішінде ең көбі Абай ауданында - 1493 нысан, Тұран ауданында - 283, Еңбекші ауданында - 251, Қаратау ауданында - 234, ал Әл-Фараби ауданында 53 нысан анықталды. Жарамдысы-1 831, жарамсызы-483 құрылыс. Жалпы қала бойынша жарамсыз 187 құрылыс нысаны және үй салу үшін құйылған 63 іргетас аудан әкімдіктері және құзырлы мекемелермен бірге бұзылды. Ал адам тұруға жарамды 1831 нысанның құжаттарын заңдастыру мәселесінде ҚР Азаматтық кодексінің 244-бабына сәйкес өз еркімен орналасқан жер учаскелеріндегі құрылыстарға меншік құқығы сот тәртібімен шешілуі мүмкін. Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан нысаналы мақсатына сай емес және үшінші тұлғалармен заңсыз иеленіп алынған жер учаскелерін анықтау және тиісті шара қабылдау бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.

28 октября 2025
БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ

Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасының басшысы Азат Рахымбердіұлы Исламов бірыңғай қабылдау күнінде тұрғындарды қабылдады. Қабылдау барысында әрбір өтініш мұқият қаралып, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді. 

Социальные сети
Меню подвал
Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы