Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонс
«Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы» КММ (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, ақпаратты 2026 жылғы 7 желтоқсанға дейін a.orazbek@almaty.gov.kz электрондық поштасына немесе WhatsApp +7 707 404 8456 нөміріне жіберулеріңізді сұраймыз.
Түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылады. Конфиденциалдылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: +7 707 404 8456.
5