Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының 2027 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптары туралы ақпарат

 

Қосымша 1
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылуына мониторинг жүргізу және нәтижелерін бағалау қағидаларына

Нысан

 

 

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының 2027 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптары туралы ақпарат

 

№

Жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбы

Жоспарланған қаржыландыру көлемі

 (мың теңге)

Ақпарат көздерін көрсете отырып негіздеме

Нысаналы топ

Күтілетін нәтиже

1.       

Студенттік жатақханалар мен жалға берілетін тұрғын үй құрылысы жобаларын сүйемелдеу жөніндегі Фронт-офистің қызметін ұйымдастыру бойынша қызметтер

30 847

«Жастардың дамуы мен өзін-өзі іске асыруына тең мүмкіндіктер жасау», «Алматы – мәдени астана», «Дене шынықтыру және спорт – қала тұрғындарының салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктері» бөлімдері бойынша Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар; Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/242 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже; Алматы қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №2/422 «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.

14–35 жас аралығындағы жастар

Қазіргі уақытта қалада 46,2 мың төсек-орынға арналған 136 студенттік жатақхана жұмыс істейді. Жатақхана орындарының тапшылығы шамамен 5 700 төсек-орынды құрайды. Студенттік жатақханалар құрылысын үйлестіру мақсатында Алматы қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, еліміздегі бірегей Жобалық офисті құрды. 2025 жылы 4 500 орынға арналған 13 жатақхана нысаны пайдалануға берілді. Студенттердің жатақхана орындарына деген тапшылығын жою мақсатында студенттердің тұрғын үймен қамтамасыз етілуінің қазіргі жағдайын және жаңа жатақханалар салу жоспарларын қамтитын қажеттілік картасы әзірленді. 2030 жылға дейін 20 мыңға дейін жаңа төсек-орын салу көзделген, бұл студенттердің жатақханаға деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2026 жылы 4 658 төсек-орынға арналған 13 студенттік жатақхананы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

2.       

«Волонтерлердің фронт-офисі» жобасын іске асыру және «Жыл волонтері» марапаттау рәсімін ұйымдастыру бойынша қызметтер

21 640

«Жастардың дамуы мен өзін-өзі іске асыруына тең мүмкіндіктер жасау», «Алматы – мәдени астана», «Дене шынықтыру және спорт – қала тұрғындарының салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктері» бөлімдері бойынша Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар; Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/242 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже; Алматы қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №2/422 «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.

14–35 жас аралығындағы жастар

Жоба қаладағы волонтерлік қызметті одан әрі дамытуға жағдай жасауға, сондай-ақ волонтерлік қызметті кеңінен насихаттауға қолдау көрсетуге бағытталған. Осы жоба аясында қалалық фронт-офистер қызметкерлері мен волонтерлік қозғалыстардың көшбасшылары үшін оқыту ұйымдастырылып, олардың әлеуетін арттыру жұмыстары жүргізіледі. Волонтерлік қызметтің негізгі өзекті 10 бағыты бойынша іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.

Қамту: 2 000 адам. 2026 жылы: 400-ден астам волонтерлік іс-шара өткізілді; 1 000-нан астам волонтер оқытылды; 80-нен астам мұқтаж отбасына көмек көрсетілді; 10 мыңнан астам жаңа волонтер тартылды; қаланың 28 волонтерлік бірлестігіне қолдау көрсетілді; жоба аясындағы ақпараттық қамту 500 мыңнан астам адамды құрады.

Тікелей қамту: жыл сайын кемінде 2 000 адам; Жанама қамту: жыл сайын кемінде 50 мың адам.

3.       

«НаркоСТОП» жобасын іске асыру және интернет кеңістігінде синтетикалық есірткілерді жарнамалаудың таралуының алдын алу бойынша қызметтер

60 000

«Жастардың дамуы мен өзін-өзі іске асыруына тең мүмкіндіктер жасау», «Алматы – мәдени астана», «Дене шынықтыру және спорт – қала тұрғындарының салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктері» бөлімдері бойынша Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар; Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/242 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже; Алматы қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №2/422 «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.

14–35 жас аралығындағы жастар

«НаркоСТОП» жобасы жастар арасында есірткіге тәуелділіктің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында іске асырылуда. 2026 жылдың басынан бері жоба аясында 110-нан астам іс-шара өткізіліп, 20 мыңнан астам жас қамтылды, 250-ден астам волонтер тартылды, 797 интернет-ресурс бұғатталды, есірткі жарнамасын жою бойынша 30 акция өткізілді, 19,5 мыңнан астам есірткіге қатысты граффити жойылды. Қалада жастарға консультациялық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсететін 4 мамандандырылған «НаркоСТОП» орталығы жұмыс істейді, сондай-ақ жыл басынан бері 45-тен астам өтініш келіп түскен Call-орталық қызмет көрсетуде. Жоба аясында жастар арасында есірткі тұтыну деңгейін төмендетуге бағытталған профилактикалық дәрістер, тренингтер, әлеуметтік акциялар өткізу, отбасылармен жұмыс жүргізу, ақпараттық науқан ұйымдастыру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асыру көзделген.

4.       

«Jas Almaty» жобасын іске асыру және мемлекеттік жастар саясатын ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету бойынша қызметтер

29 862

«Жастардың дамуы мен өзін-өзі іске асыруына тең мүмкіндіктер жасау», «Алматы – мәдени астана», «Дене шынықтыру және спорт – қала тұрғындарының салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктері» бөлімдері бойынша Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар; Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/242 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже; Алматы қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №2/422 «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.

14–35 жас аралығындағы жастар

Жастарды жұмыспен қамтудың бірыңғай платформасы студенттер мен NEET санатындағы жастардың жұмыс берушілермен тікелей өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге бағытталған. Аталған платформаның негізгі артықшылығы жұмыс берушілер үшін тегін қолжетімділік болып табылады, бұл қолданыстағы платформалардың қызметін пайдалануға әрдайым мүмкіндігі бола бермейтін шағын және орта бизнес субъектілері ұсынатын бос жұмыс орындарының санын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

«Jasalmaty.kz» ақпараттық порталындағы «Jobfair365» және «SkillBridge» сервистеріне 25 мыңнан астам бірегей пайдаланушы кірген; Қазақстан Республикасының 20 өңірінен 3 мыңнан астам жұмыс беруші тіркелген; 5 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланған; 1 800 жас жұмыспен қамтылған. Осы жоба аясында блогер-миллионниктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын, сондай-ақ жастардың барлық бастамаларын насихаттау мен ақпараттық жариялауды қамтамасыз ететін медиаорталық құрылады. Жанама қамту: 25 000 адам.

5.       

«Қалалық мансап орталығы» жобасының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жобаны іске асыру бойынша қызметтер

54 110

«Жастардың дамуы мен өзін-өзі іске асыруына тең мүмкіндіктер жасау», «Алматы – мәдени астана», «Дене шынықтыру және спорт – қала тұрғындарының салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктері» бөлімдері бойынша Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар; Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/242 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже; Алматы қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №2/422 «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.

14–35 жас аралығындағы жастар

«Қалалық мансап орталығы» Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы мен оқу орындарының мансап орталықтары арасындағы өзара іс-қимылды жолға қоюға, сондай-ақ жеке және мемлекеттік компаниялар ұсынатын бос жұмыс орындарын тікелей іздеуді қамтамасыз етуге бағытталған. 2026 жылдың басынан бері: 5 мыңнан астам жас өтініш білдірді; 4 100 адамды жұмыспен қамтуға жәрдем көрсетілді; барлығы 13 200 жас жұмыспен қамтылды (оның ішінде тұрақты жұмысқа – 10 600, уақытша жұмысқа – 2 600 адам). Қамту: 50 000 адам.

6.       

Әуезов ауданы комьюнити-орталығының қызметін қамтамасыз ету бойынша қызметтер

36 130

«Жастардың дамуы мен өзін-өзі іске асыруына тең мүмкіндіктер жасау», «Алматы – мәдени астана», «Дене шынықтыру және спорт – қала тұрғындарының салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктері» бөлімдері бойынша Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар; Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/242 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже; Алматы қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №2/422 «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.

14–35 жас аралығындағы жастар

Заманауи үлгідегі, әрқайсысының аумағы 400–500 шаршы метрді құрайтын, жастарға орталықтандырылған қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін кеңселер мен ашық кеңістіктер желісін құру. Негізгі міндеттері: сапалы әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыру; жастардың қолжетімді әрі пайдалы бос уақытын ұйымдастыру мәселесін шешу; ұлттық және жалпыадамзаттық рухани-адамгершілік құндылықтар мен дәстүрлерді дәріптеу; жастарға орталықтандырылған қызмет көрсету және консультациялық қолдау көрсету; қолайсыз отбасылардан шыққан өскелең ұрпақ үшін әлеуметтік лифттерді қалыптастыру; комьюнити-орталықтарды орталықтандырылған қызмет көрсету мүмкіндігі бар кеңселер желісі ретінде дамыта отырып, гуманитарлық көмек көрсету бойынша бірыңғай желіні қалыптастыру және тұрақты қайырымдылық акцияларын жүйелі түрде ұйымдастыруға арналған орта құру. 1,5 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, 370 мың адам қамтылды. 10,6 мыңнан астам жасқа консультациялық қызмет көрсетілді, оның ішінде 7,4 мың адам жұмыспен қамту мәселелері бойынша, 2,6 мың адам психологиялық және заңгерлік көмек алу бойынша жүгінді. 1 200-ден астам алматылық жас комьюнити-орталықтар арқылы жұмысқа орналастырылды. Қазіргі уақытта 11 жастар комьюнити-орталығы жұмыс істейді. 2026 жылдың соңына дейін қаладағы мұндай орталықтардың санын 15-ке дейін жеткізу жоспарлануда.

7.       

Алмалы ауданы комьюнити-орталығының қызметін қамтамасыз ету бойынша қызметтер

36 155

14–35 жас аралығындағы жастар

8.       

Медеу ауданы комьюнити-орталығының қызметін қамтамасыз ету бойынша қызметтер

36 153

14–35 жас аралығындағы жастар

9.       

Наурызбай ауданы комьюнити-орталығының қызметін қамтамасыз ету бойынша қызметтер

36 150

14–35 жас аралығындағы жастар

10.   

Алатау ауданы комьюнити-орталығының қызметін қамтамасыз ету бойынша қызметтер

36 153

14–35 жас аралығындағы жастар

11.   

Жетісу ауданы комьюнити-орталығының қызметін қамтамасыз ету бойынша қызметтер

36 143

14–35 жас аралығындағы жастар

12.   

Түрксіб ауданы комьюнити-орталығының қызметін қамтамасыз ету бойынша қызметтер

36 120

14–35 жас аралығындағы жастар

13.   

Бостандық ауданы комьюнити-орталығының қызметін қамтамасыз ету бойынша қызметтер

36 145

14–35 жас аралығындағы жастар

14.   

Жетісу ауданы №2 комьюнити-орталығының қызметін қамтамасыз ету бойынша қызметтер

36 155

14–35 жас аралығындағы жастар

15.   

Медеу ауданы №2 комьюнити-орталығының қызметін қамтамасыз ету бойынша қызметтер

36 155

14–35 жас аралығындағы жастар

16.   

Наурызбай  ауданы №2 комьюнити-орталығының қызметін қамтамасыз ету бойынша қызметтер

36 155

14–35 жас аралығындағы жастар

17.   

Алатау ауданының демалыс орталықтарын жаңғырту және олардың қызметін ұйымдастыру бойынша қызметтер

126 190

«Жастардың дамуы мен өзін-өзі іске асыруына тең мүмкіндіктер жасау», «Алматы – мәдени астана», «Дене шынықтыру және спорт – қала тұрғындарының салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктері» бөлімдері бойынша Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар; Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/242 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже; Алматы қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №2/422 «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.

14–35 жас аралығындағы жастар

Жоба жастардың сапалы бос уақытын ұйымдастыруға, жасөспірімдер мен жастардың шығармашылық, зияткерлік, спорттық қабілеттері мен мүмкіндіктерін жан-жақты дамытуға бағытталған. Қала бойынша 100 демалыс орталығының қызметі ұйымдастырылады: Алатау ауданында – 17 демалыс орталығы, қамту – 10 000 адам; Алмалы ауданында – 11 демалыс орталығы, қамту – 10 000 адам; Әуезов ауданында – 17 демалыс орталығы, қамту – 10 000 адам; Бостандық ауданында – 14 демалыс орталығы, қамту – 10 000 адам; Жетісу ауданында – 11 демалыс орталығы, қамту – 10 000 адам; Медеу ауданында – 9 демалыс орталығы, қамту – 10 000 адам; Наурызбай ауданында – 9 демалыс орталығы, қамту – 10 000 адам; Түрксіб ауданында – 12 демалыс орталығы, қамту – 10 000 адам. 100 демалыс орталығының базасында тұрақты және тегін негізде 300-ден астам үйірме мен секция жұмыс істейді. Негізгі қатысушылар – 14–18 жас аралығындағы жастар. 13 мыңнан астам адам, оның ішінде әлеуметтік осал топтардағы жасөспірімдер қамтылды. 1 000-нан астам іс-шара өткізілді. 500-ден астам бала жарыстарға қатысты. 30-дан астам қатысушы республикалық және халықаралық турнирлердің жеңімпазы атанды.

Қамту: 100 000 адам.

 

18.   

Алмалы ауданының демалыс орталықтарын жаңғырту және олардың қызметін ұйымдастыру бойынша қызметтер

84 780

14–35 жас аралығындағы жастар

19.   

Әуезов ауданының демалыс орталықтарын жаңғырту және олардың қызметін ұйымдастыру бойынша қызметтер

126 160

14–35 жас аралығындағы жастар

20.   

Бостандық ауданының демалыс орталықтарын жаңғырту және олардың қызметін ұйымдастыру бойынша қызметтер

105 480

14–35 жас аралығындағы жастар

21.   

Медеу ауданының демалыс орталықтарын жаңғырту және олардың қызметін ұйымдастыру бойынша қызметтер

84 780

14–35 жас аралығындағы жастар

22.   

Жетісу ауданының демалыс орталықтарын жаңғырту және олардың қызметін ұйымдастыру бойынша қызметтер

69 712

14–35 жас аралығындағы жастар

23.   

Наурызбай ауданының демалыс орталықтарын жаңғырту және олардың қызметін ұйымдастыру бойынша қызметтер

65 912

14–35 жас аралығындағы жастар

24.   

Түрксіб ауданының демалыс орталықтарын жаңғырту және олардың қызметін ұйымдастыру бойынша қызметтер

90 410

14–35 жас аралығындағы жастар

25.   

Жастар арасында интернетке тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру бойынша қызметтер.

14 035

«Жастардың дамуы мен өзін-өзі іске асыруына тең мүмкіндіктер жасау», «Алматы – мәдени астана», «Дене шынықтыру және спорт – қала тұрғындарының салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктері» бөлімдері бойынша Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар; Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/242 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже; Алматы қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №2/422 «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.

14–35 жас аралығындағы жастар

Аталған жоба жастар арасындағы тәуелділік деңгейін төмендетуге бағытталған. Жоба аясында 14–35 жас аралығындағы қала жастары арасында тәуелділіктің алдын алу жөніндегі кешенді іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жоспарланып отыр. Кәмелетке толмағандарды букмекерлік кеңселерде анықтау мақсатында құқық қорғау органдарымен бірлескен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізіледі. Қала жастары арасында ойынқұмарлықтың алдын алуға бағытталған бейнероликтер дайындалады. 20-дан астам іс-шара жоғары оқу орындары мен колледждерде өткізілді; онлайн-курстар, бейнероликтер және ақпараттық материалдар әзірленді; қысқаметражды фильмдер байқауы іске қосылды; уәкілетті органдарға жолдау үшін құмар ойындарға қатысты сайттарға мониторинг жүргізілді. Тікелей қамту: 2 000 адам. Жанама қамту: 100 мың адам.

26.   

Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің көшпелі отырысын ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтер

16 490

«Жастардың дамуы мен өзін-өзі іске асыруына тең мүмкіндіктер жасау», «Алматы – мәдени астана», «Дене шынықтыру және спорт – қала тұрғындарының салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктері» бөлімдері бойынша Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар; Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/242 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже; Алматы қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №2/422 «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.

14–35 жас аралығындағы жастар

Аталған жобаның мақсаты – жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын дамыту. Жоба аясында Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес мүшелері мен мүдделі тұлғалар үшін қоғамдық бақылауды жүзеге асыру бойынша білімдері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында 2 семинар өткізу көзделеді. 2 семинар Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес мүшелері мен серіктестердің қатысуымен өткізілді; Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес мүшелерінің бастамасымен 10-нан астам диалог алаңы ұйымдастырылды; ұсынымдар әзірленген қорытынды дөңгелек үстел өткізілді; білікті сарапшылар тартылды. Қамту: 300 адам.

27.   

«Жастар әдебиеті» жобасы аясында жас ақындарды қолдау және жастар арасында кітап оқуды насихаттауға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру бойынша қызметтер

16 487

«Жастардың дамуы мен өзін-өзі іске асыруына тең мүмкіндіктер жасау», «Алматы – мәдени астана», «Дене шынықтыру және спорт – қала тұрғындарының салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктері» бөлімдері бойынша Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар; Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/242 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже; Алматы қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №2/422 «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.

14–35 жас аралығындағы жастар

«Жастар әдебиеті» жобасы Алматы жастары арасында әдеби мәдениетті дамытуға бағытталған. Жоба жас ақындарды қолдау мен кітап оқуды насихаттауды бірыңғай бағдарлама аясында біріктіреді. Оның мақсаты – әдебиетке деген қызығушылықты қалыптастыру, дарынды жас қаламгерлердің жаңа буынын тәрбиелеу және кітап оқу мәдениетін тұлғалық әрі мәдени дамудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде дәріптеу. Жобаның қамту көрсеткіші: тікелей қамту – кемінде 6 000 адам, жанама қамту – 600 мыңнан астам адам.

Жоба аясында 2026 жылғы 19 маусымда 14–35 жас аралығындағы жастардың қатысуымен «Жас ақын» қалалық поэзиялық байқауы өткізілді. Байқауға 103 өтінім қабылданды. Конкурстық комиссияның бағалау қорытындысы бойынша 10 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды: I орын – 1 қатысушы (700 мың теңге), II орын – 2 қатысушы (400 мың теңге), III орын – 3 қатысушы (200 мың теңге), сондай-ақ 4 қатысушы арнайы сыйлықтармен (әрқайсысы 50 мың теңгеден) марапатталды. Жоба дарынды жастарды анықтауға және қолдауға, олардың әдеби әлеуетін дамытуға, сондай-ақ Алматы қаласының мәдени ортасын нығайтуға ықпал етеді.

28.   

Жастардың инклюзивті дамуына бағытталған «Каждый важен» іс-шаралар кешенін іске асыру бойынша қызметтер.

52 699

«Жастардың дамуы мен өзін-өзі іске асыруына тең мүмкіндіктер жасау», «Алматы – мәдени астана», «Дене шынықтыру және спорт – қала тұрғындарының салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктері» бөлімдері бойынша Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар; Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/242 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже; Алматы қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №2/422 «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.

14–35 жас аралығындағы жастар

«Каждый важен» жобасы Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы тарапынан инклюзивті қоғамды қалыптастыру, ерекше қажеттіліктері бар жастар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және олардың қоғамға толыққанды кірігуіне қолайлы жағдай жасау мақсатында іске асырылуда. 2026 жылдың басынан бері жоба аясында 20-ға жуық іс-шара өткізіліп, 500-ден астам жас қамтылды. Атап айтқанда, шеберлік сабақтары, психологиялық сессиялар, мотивациялық кездесулер, семинар-тренингтер және жоғары оқу орындарының омбудсмендерімен кездесулер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қалалық инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін бағалау жөніндегі мониторингтік топ құрылып, оның құрамымен 22 әлеуметтік және жастар нысанына мониторинг жүргізілді. Мониторинг қорытындылары бойынша нысандардың қолжетімділік деңгейін арттыруға және Алматы қаласында инклюзивті жастар саясатын дамытуға бағытталған ұсынымдар әзірленуде.

29.   

«Тәуелсіздік ұрпақтары» талантты жастарды қолдау және дамыту жөніндегі жобаны іске асыру бойынша қызметтер

33 524

«Жастардың дамуы мен өзін-өзі іске асыруына тең мүмкіндіктер жасау», «Алматы – мәдени астана», «Дене шынықтыру және спорт – қала тұрғындарының салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктері» бөлімдері бойынша Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар; Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/242 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже; Алматы қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №2/422 «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.

14–35 жас аралығындағы жастар

Студенттік шығармашылықты қолдау және креативті жастарды дамыту. Жоба 5 шығармашылық бағытты (вокал, хореография, театр өнері, мобилография, аспаптық орындаушылық) қамтып, қаладағы 30 жоғары оқу орны мен 23 колледжден 2,6 мыңнан астам студенттің қатысуымен жүзеге асырылды. Жоба аясында шығармашылық байқаулар, мәдени іс-шаралар, шеберлік сабақтары, креативті сессиялар және білім беру интенсивтері өткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жобаны кең көлемде ақпараттық сүйемелдеу қамтамасыз етіліп, жалпы 255 мыңнан астам пайдаланушы қамтылды. Жобаның маңызды бағыттарының бірі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық бағдарламасымен ықпалдастыру. Бұл 14–35 жас аралығындағы қатысушыларға өз талантын көрсетуге ғана емес, сондай-ақ ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, бизнес, медиа және волонтерлік бағыттары бойынша өз идеяларын іске асыру үшін 1 000 000 теңге мөлшерінде гранттық қолдау алуға мүмкіндік береді.

30.   

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Эко-рейнджерлер» жобасын іске асыру бойынша қызметтер

21 727

«Жастардың дамуы мен өзін-өзі іске асыруына тең мүмкіндіктер жасау», «Алматы – мәдени астана», «Дене шынықтыру және спорт – қала тұрғындарының салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктері» бөлімдері бойынша Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар; Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/242 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже; Алматы қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №2/422 «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.

14–35 жас аралығындағы жастар

«Эко рейнджер» жобасы жастар арасында экологиялық мәдениетті дамытуға, қоршаған ортаға ұқыпты қарым-қатынасты қалыптастыруға және жастарды табиғатты қорғау қызметіне тартуға бағытталған. 2026 жылғы наурыз айында жобаны іске асыру үшін команданы қалыптастыру және дайындық жұмыстары жүргізілді. 2026 жылдың басынан бері экологиялық волонтерлікті дамытуға және экологиялық өмір салтын насихаттауға бағытталған 40-тан астам экологиялық іс-шара өткізілді.

31.   

«Алматы қаласында Жайдарман қозғалысын дамыту» жобасын іске асыру бойынша қызметтер

35 500

«Жастардың дамуы мен өзін-өзі іске асыруына тең мүмкіндіктер жасау», «Алматы – мәдени астана», «Дене шынықтыру және спорт – қала тұрғындарының салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктері» бөлімдері бойынша Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар; Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/242 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже; Алматы қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №2/422 «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.

14–35 жас аралығындағы жастар

Алматы қаласының жастары арасында Жайдарман қозғалысын қолдау және дамыту, жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға, актерлік шеберлігін, сахна мәдениетін, командалық жұмыс және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытуға жағдай жасау. Жоба аясында қаланың жастар командаларының қатысуымен Жайдарман ойындарын, іріктеу кезеңдерін, ширек финал, жартылай финал және финалдық ойындарды, сондай-ақ Жайдарман қозғалысының тәжірибелі өкілдерінің қатысуымен шеберлік сабақтары мен оқыту іс-шараларын өткізу көзделген. Жобаны іске асыру жастарды мазмұнды бос уақытқа тартуға, талантты жастарды қолдауға, жастардың шығармашылық қауымдастығын қалыптастыруға және Алматы қаласында Жайдарман қозғалысын кеңінен насихаттауға бағытталған.

32.   

«Azamat» жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімді қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру бойынша қызметтер

7 560

«Жастардың дамуы мен өзін-өзі іске асыруына тең мүмкіндіктер жасау», «Алматы – мәдени астана», «Дене шынықтыру және спорт – қала тұрғындарының салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктері» бөлімдері бойынша Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар; Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/242 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже; Алматы қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №2/422 «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.

14–35 жас аралығындағы жастар

«Azamat» жобасы Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы тарапынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және азаматтық жауапкершілікті дамыту мақсатында іске асырылуда. 2026 жылы жоба аясында Алматы қаласының 5 колледжінде ақпараттық-түсіндіру іс-шараларының циклі өткізілді, дөңгелек үстел, ашық диалог алаңы, Ашық есік күні, сондай-ақ жас мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлеріне арналған семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Jastar Bilsin» YouTube-арнасында тақырыптық бейнероликтер жарияланып, Арбатта ақпараттық материалдар тарату арқылы ақпараттық акция өткізілді. Бүгінгі күні жоба аясындағы іс-шаралармен 1 мыңнан астам адам қамтылды. Жоба жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға, адалдық мәдениетін дамытуға және белсенді азаматтық ұстанымды нығайтуға бағытталған.

33.   

«IQ-ALA jastary» зияткерлік ойындары мен тренингтер кешенін ұйымдастыру бойынша қызметтер

18 620

«Жастардың дамуы мен өзін-өзі іске асыруына тең мүмкіндіктер жасау», «Алматы – мәдени астана», «Дене шынықтыру және спорт – қала тұрғындарының салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктері» бөлімдері бойынша Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар; Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/242 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже; Алматы қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №2/422 «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.

14–35 жас аралығындағы жастар

«IQ-ALA Jastary» жобасы жастардың зияткерлік әлеуетін дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге, білімін жетілдіруге, сыни ойлау қабілетін, командалық жұмыс дағдыларын және көпшілік алдында пікірталас жүргізу мәдениетін дамытуға бағытталған. 2026 жылы жоба аясында 2 000-нан астам жас қамтылады. Жоба шеңберінде жастардың түрлі санаттары арасында 5 зияткерлік лига өткізу жоспарлануда: 14 тамызда – белсенді жастар арасында, тамыз айының соңында – жұмысшы жастар арасында, қыркүйек айында – студент жастар мен жастардың түрлі санаттары арасында, сондай-ақ қазан айында үздік командалардың қатысуымен жобаның финалдық кезеңі өткізіледі. 2026 жылғы жобаның жаңа бағыты ретінде зияткерлік ойындардың кезеңдерінің бірі саналатын дебат турнирлерін өткізу көзделген.

34.   

«ALMA LOVE» жобасы аясында жастарға арналған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру бойынша қызметтер

49 890

«Жастардың дамуы мен өзін-өзі іске асыруына тең мүмкіндіктер жасау», «Алматы – мәдени астана», «Дене шынықтыру және спорт – қала тұрғындарының салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктері» бөлімдері бойынша Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар; Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/242 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже; Алматы қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №2/422 «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.

14–35 жас аралығындағы жастар

«ALMA LOVE 2026» фестивалі Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік жастар күніне орай жүзеге асырылып, жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға, шығармашылық әлеуетін қолдауға, салауатты өмір салтын насихаттауға және қаланың дамуына атсалысуға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталған.Фестиваль 2026 жылғы 2–12 тамыз аралығында өткізіліп, жалпы 20 мыңнан астам жасты қамтитын 51 мәдени, білім беру, спорттық, экологиялық және қоғамдық іс-шараны біріктіреді.Фестиваль бағдарламасына EcoVibe экологиялық акциясы, JasVIBE қалалық жобасы, 11 комьюнити-орталықта өтетін LEVEL UP зияткерлік ойындары, Avenue Talent шығармашылық алаңы, ALMA LOVE TALKS жастар форумы, ашық аспан астындағы кино көрсетілімі, JasAlmaty CUP 2026 футбол турнирі, «Абай на набережной» мәдени-ағартушылық жобасы, Youth Nomads ұлттық ойындар фестивалі, «UNICEF Жастар форумы 2026» халықаралық іс-шарасы, сондай-ақ сыйымдылығы 2,5 мыңнан астам адамды құрайтын «Шабыт» жазғы амфитеатрында өтетін ALMA LOVE қорытынды концерті енгізілген.Фестиваль жастарды, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, шығармашылық индустрия саласының мамандарын, волонтерлік қозғалыс мүшелерін және халықаралық серіктестерді біріктіріп, Алматы қаласындағы ірі жастар алаңдарының біріне айналады.

35.   

Алматы қаласы жастарының әртүрлі санаттары арасында «ALMA CUP» спорттық ойындарын (футбол, баскетбол, волейбол, киберспорт) ұйымдастыру бойынша қызметтер

26 289

«Жастардың дамуы мен өзін-өзі іске асыруына тең мүмкіндіктер жасау», «Алматы – мәдени астана», «Дене шынықтыру және спорт – қала тұрғындарының салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктері» бөлімдері бойынша Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар; Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/242 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже; Алматы қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №2/422 «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.

14–35 жас аралығындағы жастар

ALMA CUP 2026 — Алматы қаласы жастары арасында бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және қаланың жастар арасындағы спорттық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған қалалық жоғары оқу орындары арасындағы спорттық турнир.Турнир 2026 жылғы 6–30 сәуір аралығында өтіп, 18–35 жас аралығындағы жастарды біріктірді.
Жоба аясында спорттың 5 түрі бойынша: футзал, баскетбол, волейбол, қазақ күресі және жеңіл атлетикадан жарыстар өткізілді. Турнирге 162 команда мен спорттық құрам, студенттер, жұмысшы жастар, жоғары оқу орындары мен колледж өкілдері және қаланың жастар спорттық командалары қатарынан 1 548 қатысушы қатысты. Жобаны іске асыру кезеңінде 150-ден астам матч пен жарыстық кезеңдер өткізіліп, жалпы жүлде қоры 5,5 млн теңгені құрады, сондай-ақ 7 арнайы жеке номинация бойынша марапаттар табысталды.
Жобаның әлеуметтік желілердегі ақпараттық қамту көрсеткіші 870 мыңнан астам қаралымды құрады. ALMA CUP 2026 жобасын жүзеге асыру жастарды тұрақты түрде спортпен айналысуға тартуға, жоғары оқу орындары арасындағы спорттық ынтымақтастықты дамытуға және ұлттық спорт түрі — қазақ күресін насихаттауға ықпал етті.

36.   

 «Youth Nomads» жобасын іске асыру бойынша қызметтер

13 257

«Жастардың дамуы мен өзін-өзі іске асыруына тең мүмкіндіктер жасау», «Алматы – мәдени астана», «Дене шынықтыру және спорт – қала тұрғындарының салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктері» бөлімдері бойынша Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар; Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/242 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже; Алматы қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №2/422 «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.

14–35 жас аралығындағы жастар

Патриоттық құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ жастарды спорт негізінде еңбек және кәсіби бағдар беру қызметіне тарту. Жоба аясында қаладағы 20 базарда бейресми жұмыспен қамтылған жастар үшін мотивациялық кездесулер, мансаптық кеңестер және шеберлік сабақтары өткізілді. Іс-шаралар қорытындысы бойынша жастар бастамаларын жүзеге асыруға одан әрі қатысу үшін қоғамдық пікір көшбасшылары анықталып, тартылды. 2026 жылғы сәуір айында ұлттық спорттың бес түрі (асық ату, арқан тартыс, қазақша күрес, қол күрес, ләңгі тебу) бойынша қалалық турнир өтті. Жобаның финалдық кезеңі 100-ден астам команданы және 2 мыңнан астам қатысушыны біріктірді. Жобаны жүзеге асыру ұлттық спорт түрлерін насихаттауға, патриоттық құндылықтарды нығайтуға, салауатты өмір салтын дәріптеуге және жастарды қоғамдық әрі еңбек қызметіне тартуға ықпал етті.

37.   

«Жастардың қатысу бюджеті» жобасын іске асыру бойынша қызметтер

99 350

«Жастардың дамуы мен өзін-өзі іске асыруына тең мүмкіндіктер жасау», «Алматы – мәдени астана», «Дене шынықтыру және спорт – қала тұрғындарының салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктері» бөлімдері бойынша Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар; Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/242 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже; Алматы қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №2/422 «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.

14–35 жас аралығындағы жастар

«Жастардың қатысу бюджеті» жобасы қала әкімінің тапсырмасы бойынша Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы тарапынан жүзеге асырылып, қалалық бюджеттің бір бөлігін бөлу арқылы жастарды қалалық ортаны дамытуға қатысты шешімдер қабылдау үдерісіне тартуға бағытталған. Жобаға 14 пен 35 жас аралығындағы алматылық жастар қатысып, 8 басым бағыт бойынша өз бастамаларын ұсына алады. Бір жобаны қаржыландыру көлемі 500 мыңнан 5 млн теңгеге дейін қарастырылған. Өтінімдерді қабылдау қорытындысы бойынша 203 жобалық бастама келіп түсті. 2026 жылы 5-тен 10 жобаға дейін іске асыру жоспарлануда, кейіннен жыл сайын 50 жобаға дейін ұлғайту көзделген. Бұл Алматы қаласының жас тұрғындарын қаланы дамыту үдерісіне тартуға және жастар бастамаларын қолдауға мүмкіндік береді.

38.   

«Jas Camp» жас көшбасшылар мен NEET санатындағы жастарға арналған жастар лагерін ұйымдастыру қызметтері

 

38 749

«Жастардың дамуы мен өзін-өзі іске асыруына тең мүмкіндіктер жасау», «Алматы – мәдени астана», «Дене шынықтыру және спорт – қала тұрғындарының салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктері» бөлімдері бойынша Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар; Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/242 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже; Алматы қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №2/422 «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.

14–35 жас аралығындағы жастар

Ағымдағы жылдың тамыз айының соңында NEET санатындағы жастар мен жас көшбасшыларды қоса алғанда, 100-ден астам жастың қатысуымен «Jas Camp» жастар лагері өткізіледі. Қатысушыларды орналастыру, тамақтандыру және мазмұнды іс-шаралар бағдарламасымен қамтамасыз ету қарастырылған. Бүгінгі күнге дейін 7-ден астам шеберлік сабақтары, 3 диалогтік сессия, оқыту және мотивациялық кездесулер өткізілді. Лагерь қорытындысы бойынша қатысушыларға имидждік өнімдер, кәдесыйлар және сертификаттар табысталады. Жанама қамту: 200 000 адам, тікелей қамту: 120 адам.

39.   

Қалалық қауымдастықтар зертханасы «CITY MAKERS»

 

39 999

«Жастардың дамуы мен өзін-өзі іске асыруына тең мүмкіндіктер жасау», «Алматы – мәдени астана», «Дене шынықтыру және спорт – қала тұрғындарының салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктері» бөлімдері бойынша Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар; Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/242 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже; Алматы қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №2/422 «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.

14–35 жас аралығындағы жастар

«Қалалық қауымдастықтар зертханасы CITY MAKERS» жобасы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы тарапынан қалалық қауымдастықтарды дамыту, олардың құзыреттерін арттыру, серіктестік желіні кеңейту және жастарды қалалық ортаны дамыту үдерісіне тарту мақсатында жүзеге асырылуда. Жоба аясында 150-ден астам қатысушыны қамтитын 5 білім беру шеберлік сабағы өткізілді, қалалық қауымдастықтарға кеңес беру және сауалнама жүргізу жұмыстары жүзеге асырылуда, сондай-ақ Алматы қаласындағы қауымдастықтар туралы кітап дайындау жұмыстары жүргізілуде. Жобаны іске асыруға 20 қалалық қауымдастық қосылып, 4 ұйыммен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізілді, сонымен қатар тағы 13 әлеуетті серіктеспен келіссөздер жалғасуда. Жоба соңына дейін 100 қалалық қауымдастықты және 30 серіктес ұйымды біріктіру жоспарлануда. Жобаның негізгі іс-шарасы — 2026 жылғы 5 қыркүйекте өтетін CITY MAKERS қалалық фестивалі, оған 4–5 мың қатысушы жиналады. Фестиваль тұжырымдамасы қалалық ортаны дамыту, білім беру, экология, креативті экономика, әлеуметтік қолдау және туризм бағыттарына арналған 6 тақырыптық аймақты қамтиды.

40.   

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде уақытша маусымдық жұмысқа орналастыру арқылы «Жасыл ел» жобасын іске асыру бойынша қызметтер

271 018

«Жастардың дамуы мен өзін-өзі іске асыруына тең мүмкіндіктер жасау», «Алматы – мәдени астана», «Дене шынықтыру және спорт – қала тұрғындарының салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктері» бөлімдері бойынша Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар; Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/242 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже; Алматы қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №2/422 «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.

14–35 жас аралығындағы жастар

«Жасыл ел» жобасы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы тарапынан республикалық бағдарлама аясында жүзеге асырылуда және жастарды маусымдық жұмыспен қамтуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, еңбек дағдыларын дамытуға және жастарды қаланы абаттандыру жұмыстарына тартуға бағытталған. 2026 жылы жоба «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында іске асырылуда. Бүгінгі таңда 1 100 адам жұмысқа орналастырылды. Жоба аясында 46 экологиялық және қоғамдық іс-шара өткізілді, оның ішінде 8 сенбілік, 8 экологиялық акция, 6 экологиялық рейд, 6 қайырымдылық акция, заңнама мәселелері бойынша 4 кездесу, 4 экологиялық тренинг, сондай-ақ маусымның ашылу рәсімі, брифинг, хайкинг, акустикалық кеш және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жастарды жұмыспен қамту мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, оның аясында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының құрамында кемінде 100 оқушыны жұмысқа орналастыру қарастырылған.

41.   

Өзекті мамандықтар бойынша қысқа мерзімді «Professional course» Skill All курстары

 

188 599

«Жастардың дамуы мен өзін-өзі іске асыруына тең мүмкіндіктер жасау», «Алматы – мәдени астана», «Дене шынықтыру және спорт – қала тұрғындарының салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктері» бөлімдері бойынша Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар; Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/242 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже; Алматы қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №2/422 «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.

14–35 жас аралығындағы жастар

«Skill All» жобасы Алматы қаласы жастарының кәсіби құзыреттерін дамытуға, олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және офлайн және онлайн форматтарда қысқа мерзімді оқыту арқылы NEET санатындағы жастар үлесін төмендетуге бағытталған. Білім беру бағдарламалары еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып қалыптастырылады және сұранысқа ие заманауи мамандықтар мен цифрлық дағдыларды қамтиды.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жобаға 7 500-ден астам жас қамтылды. Сұранысқа ие бағыттар бойынша 33 офлайн курс өткізілді, оның ішінде IT, цифрлық технологиялар, маркетинг, сату, дизайн, құрылыс, сұлулық индустриясы және креативті мамандықтар қамтылды. Цифрлық форматта 20-дан астам онлайн курс орналастырылып, офлайн оқытудан 1 000-нан астам адам өтті, ал 6 000-нан астам қолданушы білім беру контентіне қол жеткізді. Сонымен қатар, жоба аясында 30-ға дейін перспективалы бағытты қамтитын мамандықтар атласын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның әлеуметтік желілердегі ақпараттық қамтуы 200 мыңнан астам қаралымды құрады. Жобаны жүзеге асыру жастардың кәсіби дағдыларын дамытуға, олардың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға және Алматы қаласының кадрлық әлеуетін қалыптастыруға ықпал етеді.

42.   

NEET санатындағы жастар арасында спорттың 5 (бес) түрі бойынша «Дүйсенбілік спорт» жобасын іске асыру бойынша қызметтер

 

13 949

«Жастардың дамуы мен өзін-өзі іске асыруына тең мүмкіндіктер жасау», «Алматы – мәдени астана», «Дене шынықтыру және спорт – қала тұрғындарының салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктері» бөлімдері бойынша Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар; Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/242 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже; Алматы қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №2/422 «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.

14–35 жас аралығындағы жастар

«Дүйсенбілік спорт» жобасы Алматы қаласы базарларында жұмыс істейтін жастарды қоса алғанда, еңбекпен қамтылған жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға және командалық рухты нығайтуға бағытталған. Жоба тұрақты спорттық жарыстар өткізуге, жастарды белсенді демалысқа тартуға және салауатты бәсекелестік мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды.

Жоба аясында бүгінгі күнге дейін 2 спорттық турнир — киберспорт және үстел теннисі бойынша жарыстар өткізілді, оған Алматы қаласындағы 15 базардан 60 жас қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сертификаттармен марапатталды, ал екі турнирдің жалпы жүлде қоры 1 млн теңгені құрады. Іс-шараларды өткізуге кәсіби төрешілер, белгілі спортшылар, медицина қызметкерлері және полиция қызметкерлері тартылып, бұл ұйымдастыру деңгейінің жоғары болуын және қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Жоба еңбекпен қамтылған жастар арасында бұқаралық спортты дамытуға, тұлғааралық байланыстарды нығайтуға, белсенді өмір салтын насихаттауға және жастардың қалалық спорттық бастамаларға қатысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етеді.

 

43.   

Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері/түлектері және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтендіру бойынша «Әлеуметтік шеберхана» жобасын іске асыру қызметтері

 

24 490

«Жастардың дамуы мен өзін-өзі іске асыруына тең мүмкіндіктер жасау», «Алматы – мәдени астана», «Дене шынықтыру және спорт – қала тұрғындарының салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктері» бөлімдері бойынша Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар; Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/242 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже; Алматы қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №2/422 «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.

14–35 жас аралығындағы жастар

Алматы қаласының мемлекеттік жастар саясатын іске асыру аясында балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен түлектерін, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтендіруге бағытталған «Әлеуметтік шеберхана» жобасы жүзеге асырылуда. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жобаның тікелей қамту көрсеткіші 300-ден астам адамды, ақпараттық қамту көрсеткіші 50 мыңнан астам адамды құрады. Жоба аясында 20 психологиялық семинар мен тренинг, 10 мотивациялық кездесу, «Отбасы банк» АҚ қатысуымен 3 вебинар өткізілді, «Бариста» және «SMM және таргеттелген жарнама» бағыттары бойынша қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылды, сондай-ақ 4 шығармашылық үйірменің жұмысы қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, 100-ден астам тәрбиеленуші Алматы қаласының мәдени-сауықтыру іс-шараларына қатысты, ал «Жасыл ел» бағдарламасы аясында мақсатты топтың 20 өкілі уақытша жұмыспен қамтылды.

Жобаны жүзеге асыру тәрбиеленушілер мен балалар үйлері түлектерінің өмірлік және кәсіби дағдыларын дамытуға, әлеуметтік бейімделуіне, кәсіби бағыт-бағдарын анықтауына және қоғам өміріне табысты кірігуіне ықпал етеді.

44.   

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастардың аналитикалық құзыреттерін дамыту бойынша «Талдау мектебі. Алматы» жобасы аясындағы іс-шаралар кешенін іске асыру қызметтері

 

30 433

«Жастардың дамуы мен өзін-өзі іске асыруына тең мүмкіндіктер жасау», «Алматы – мәдени астана», «Дене шынықтыру және спорт – қала тұрғындарының салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктері» бөлімдері бойынша Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар; Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/242 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже; Алматы қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №2/422 «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.

14–35 жас аралығындағы жастар

«Талдау мектебі. Алматы» жобасы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы тарапынан талдаушылардың кәсіби қоғамдастығын қалыптастыру, деректер негізінде шешім қабылдау мәдениетін дамыту және қаланы дамыту мәселелері бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүзеге асырылды. Жоба Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының «Талдау мектебі» бастамасының өңірлік жалғасы болды. Қатысуға 218 өтінім келіп түсіп, конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша 65 қатысушы оқуға қабылданды. Оқыту 6 апта бойы Narxoz Business School базасында мемлекеттік қызметшілердің, халықаралық және салалық сарапшылардың қатысуымен өткізілді. Жұмыс мемлекеттік басқару, урбанистика, цифрлық экономика, экология, туризм, креативті экономика және тұрақты даму бағыттарын қамтитын 7 тақырыптық бағыт бойынша жүргізілді. Оқыту қорытындысы бойынша қатысушылар Алматы қаласының тұрақты дамуы мәселелері бойынша практикалық ұсынымдарды қамтитын «DATA-DRIVEN CITY в действии» аналитикалық жобаларын әзірлеп, қала басшылығына таныстырды.

45.   

Әуезов ауданы №2 комьюнити-орталығының қызметін қамтамасыз ету

 

 

36 155

 

«Жастардың дамуы мен өзін-өзі іске асыруына тең мүмкіндіктер жасау», «Алматы – мәдени астана», «Дене шынықтыру және спорт – қала тұрғындарының салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктері» бөлімдері бойынша Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар; Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/242 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже; Алматы қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №2/422 «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.

14–35 жас аралығындағы жастар

400–500 шаршы метр болатын, жастарға орталықтандырылған қызмет көрсету мүмкіндігі бар заманауи кеңістіктер желісін құру. Негізгі міндеттері: әлеуметтік инфрақұрылымның сапасын арттыру; қолжетімді әрі пайдалы бос уақытты өткізу мәселесін шешу; дұрыс рухани және дәстүрлі құндылықтарды насихаттау; жастарға орталықтандырылған қызмет көрсету және кеңес беру; қолайсыз отбасылардан шыққан өскелең ұрпақ үшін әлеуметтік лифтілер қалыптастыру; гуманитарлық көмек көрсету бойынша орталықтандырылған желі құру. 2026 жылы жоспарланған: комьюнити-орталықтар қызметтерімен қамтылатын жастар санын 570 мыңнан кемінде 700 мың адамға дейін арттыру; кемінде 3 мың іс-шара өткізу; жұмысқа орналасу, психологиялық және заңгерлік көмек көрсету бойынша консультацияларды қоса алғанда, кемінде 22 мың консультация көрсету; комьюнити-орталықтар базасында жастарды жергілікті қалалық мәселелерді шешуге тартуды қамтамасыз ететін қолданбалы жобалық топтар ретінде кемінде 8 жастар ҮЕҰ-ын (экологиялық, патриоттық, волонтерлік және т.б.) құру және дамыту.

46.   

Бостандық ауданы №2 комьюнити-орталығының қызметін қамтамасыз ету

 

46 922

«Жастардың дамуы мен өзін-өзі іске асыруына тең мүмкіндіктер жасау», «Алматы – мәдени астана», «Дене шынықтыру және спорт – қала тұрғындарының салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктері» бөлімдері бойынша Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар; Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/242 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже; Алматы қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №2/422 «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.

14–35 жас аралығындағы жастар

400–500 шаршы метр болатын, жастарға орталықтандырылған қызмет көрсету мүмкіндігі бар заманауи кеңістіктер желісін құру. Негізгі міндеттері: сапалы әлеуметтік инфрақұрылым құру; қолжетімді әрі пайдалы бос уақытты өткізу мәселесін шешу; дұрыс рухани және дәстүрлі құндылықтарды насихаттау; жастарға орталықтандырылған қызмет көрсету және кеңес беру; қолайсыз отбасылардан шыққан өскелең ұрпақ үшін әлеуметтік лифт қалыптастыру; гуманитарлық көмек көрсету бойынша орталықтандырылған желі құру. Алматы қаласы әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында «Ұйықтамайтын қала» тұжырымдамасын іске асыру аясында түнгі уақытта жастар үшін қауіпсіз әрі мазмұнды кеңістік ұсынатын, тәулік бойы жұмыс істейтін алғашқы комьюнити-орталықты ашу жоспарлануда.

2026 жылы жоспарланған: комьюнити-орталықтар қызметтерімен қамтылатын жастар санын 570 мыңнан кемінде 700 мың адамға дейін арттыру; кемінде 3 мың іс-шара өткізу; жұмысқа орналасу, психологиялық және заңгерлік көмекті қоса алғанда, кемінде 22 мың консультация көрсету; комьюнити-орталықтар базасында жастарды жергілікті қалалық мәселелерді шешуге тартуды қамтамасыз ететін қолданбалы жобалық топтар ретінде кемінде 8 жастар ҮЕҰ-ын (экологиялық, патриоттық, волонтерлік және т.б.) құру және дамыту.

 

47.   

«Өмір – ең қымбат құндылық» суицидтің алдын алу бойынша білім беру ұйымдарында және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыстар жүргізу
(2027 жылға жоспарланған)

 

19 372,0

«Жастардың дамуы мен өзін-өзі іске асыруына тең мүмкіндіктер жасау», «Алматы – мәдени астана», «Дене шынықтыру және спорт – қала тұрғындарының салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктері» бөлімдері бойынша Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар; Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/242 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже; Алматы қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №2/422 «Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.

14–35 жас аралығындағы жастар

Жастар арасында суицидтік әрекеттердің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ олардың психикалық денсаулығын сақтау және нығайту. Тәуекел тобындағы балалар мен жастарға көмек көрсету бойынша конфликтология негіздерін пайдалана отырып, алгоритм әзірлеу және ілгерілету. Тәуекел тобына жататын отбасыларға белсенді патронаж жүргізу. Антистресс бағдарламаларын қолдану, көмек алу жолдары мен байланыс нөмірлері көрсетілген ақпараттық материалдар әзірлеу. Анонимді консультациялар өткізу және есеп жүргізу үшін виртуалды психологиялық бөлме құру. Мектеп психологтары, әлеуметтік қызметкерлер және психиатрлар үшін балалар мен жастардың суицидтік мінез-құлқына бағытталған емдеу хаттамасын әзірлеу және оны мүдделі органдармен келісу мәселесін пысықтау. 2025 жылы суицид бойынша барлығы 4 жағдай анықталды, 2026 жылы жоба іске асырылмағандықтан, оның нәтижесінде 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында жастар арасында 6 суицид жағдайы тіркелді.

 

2026 жылғы “19” тамыздағы жағдай бойынша

Жарияланған күні

19 тамыз 2026 17:22

Жаңарту күні

19 тамыз 2026

Срок публичного обсуждения

01 қыркүйек 2026