Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-ші Министрлік конференциясына БАҚ өкілдерін аккредиттеу туралы


2020 жылдың 8-11 маусым аралығында Қазақстанда алғашқы рет Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-ші Министрлік конференциясы өтеді.
Нұр-Сұлтандағы ДСҰ конференциясында жаһандық сауданың өзекті күн тәртібін талқылау және тиісті шешімдер қабылдау үшін ұйымға мүше 164 елдің сауда министрлерінің жиналуы жоспарлануда. Және алдағы конференцияның маңызды тақырыптарының бірі әлемдегі соңғы оқиғалар аясында өте өзекті ДСҰ-ны реформалау мәселесі болады.
ДСҰ министрлік конференциясы Дүниежүзілік сауда ұйымының жоғары органы болып табылады. Ол жаһандық нарықтар мен экономикалардың жағдайына әсер етуі мүмкін халықаралық сауда саласында маңызды шешімдер қабылдауға уәкілетті. Сондықтан ДСҰ-ның осы жаһандық іс-шарасы әлемдік саудаға қатысушылардың назарын аударып, сол арқылы әлемдік экономика үшін маңызды мәнге ие.
БАҚ өкілдері үшін іс-шараға тіркелу 2020 жылдың 29 мамырына дейін жалғасып, келесі сілтеме бойынша қабылданады: https://eregistration.wto.org/en/mc12/media/register/step-1.
Аккредитацияға қатысты басқа да сұрақтар бойынша келесі байланыс телефон арқылы хабарласуға болады: +7 (7172) 72 00 11
03 ақпан 2020
29 мамыр 2020
Нур-Султан
Хабарландыру