ҚР ЦДИАӨМ АҚК Дербес деректерді қорғау басқармасының сарапшысы (негізгі қызметшінің 12.01.2021ж. дейінгі бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңіне)
Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі комитеті
Астана қаласы
-
- Құқықтану
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Автоматтандыру және басқару
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Ғарыш техникасы және технологиялары
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
- Жаратылыстану ғылымдары: Механика
- Жаратылыстану ғылымдары: физика
- Жаратылыстану ғылымдары: Ядролық физика
Функционалды міндеттер
- Өз міндеттерін Қазақстан Республикасының заңнамасына, Комитеттің, Министрліктің бұйрықтарына, нұсқаулары мен өкімдеріне және осы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес сапалы және уақтылы орындау.
- Басшылықтың нұсқауы бойынша қойылған міндеттердің көлеміне байланысты басты сарапшылардың біріне практикалық көмек көрсету.
- Басқарма басшылығына ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеудің сапасы мен тиімділігін одан әрі арттыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу.
- Басқармаға қатысты бөлігінде іс жүргізуді және құжат айналымын жүзеге асыру.
- Күн тәртібін, жұмыс орнындағы еңбек жағдайларын, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау.
- Өз құзыреті шегінде атқарылған жұмыстар туралы есеп беру.
- Басқарма басшысының шешімі бойынша бас сарапшылардың бірі уақытша болмаған кезеңде оның міндеттерін орындау.
- Құрылымдық бөлімше туралы ережеге сәйкес Басқарма құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
- Басқарма құзыреті шеңберінде ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңестерді ұйымдастыру.
- Ақпараттандыру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қатысу.
- Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптарын бұзу анықталған кезде нұсқамаларды дайындауға және беруге қатысу.
- Ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысу.
- Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, сондай-ақ тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлеуге қатысу.
- Қазақстан Республикасының Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын сақтау тұрғысынан электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қатысу.
- Қазақстан Республикасының Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарын бұзу анықталған кезде нұсқаманы дайындауға және беруге қатысу.
- Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүзеге асыруға қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Жарияланған күні: 01.06.2020
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
02.06.2020 – 10.06.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады
- 12.06.2020
- Дом министерств, подъезд 16В
-
749980, 328702