ҚР ЦДИАӨМ АКК Әкімшілік басқармасының бас сарапшысы
Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі комитеті
Астана қаласы
-
- Математика
- Физика
- Информатика
- Құқықтану
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Ядролық физика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Аспап жасау
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Техникалық физика
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Ғарыш техникасы және технологиялары
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Басқарманың құзыреті шеңберінде Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау, нысаналы индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша жұмыстарды орындау. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы іс-шараларды іске асыру шеңберінде Комитеттің тиісті бюджеттік бағдарламаны, стратегиялық жоспарды және бюджеттік өтінімді қаржыландыру жоспарын қалыптастыруға қатысу. Министрлікте құрылатын жұмыс топтарына қатысу, сондай-ақ Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде және өзге де ұйымдарда өткізілетін конкурстарға, кеңестерге, отырыстарға қатысу. Басқарма құзыреті шеңберінде техникалық ерекшеліктерді, тапсырмаларды, жобалық нормативтік-техникалық құжаттаманы дайындауды жүзеге асыру бойынша қатысу. Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына бақылау жүргізу. Басқарма құзыреті шеңберінде қызметтер мен тауарларды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарға қатысу. Басқарма құзыреті шеңберінде қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысу. Комитеттің жұмыс жоспарын қалыптастыру бойынша Министрлікке ұсыныстар мен есептік ақпаратты енгізу бойынша қатысу. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бақылаудағы тапсырмаларының, Басқармада және Комитетте орындалудағы Министрлік басшылығының тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Комитет басшылығына ішкі бақылау процесінде анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізу, оларды жоюды бақылау. Министрдің аппараттық кеңестеріне және жауапты хатшының кеңестеріне апта сайынғы есепті ақпаратты дайындауға қатысу. Басқарманың құзыреті шеңберінде қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында Комитет әзірлеген нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және келісуге қатысу. Комитеттің кадрларға, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қажеттіліктеріне талдау жасауды және жоспарлауды қамтамасыз ету. Комитеттің кадрлық құрамын қалыптастыруға және конкурстық іріктеуді ұйымдастыруға қатысу. Кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде "Е-қызмет" АЖ персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу. Комитетте кәсіби бейімделу және тәлімгерлік, кадрларды кәсіби дамыту бойынша іс-шараларды жүзеге асыру, мемлекеттік қызметке түсу, өту және тоқтату рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестаттаудан өткізу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру. Комитетте еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын, еңбек режимі мен шарттарының, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, қызметшілердің жеке істерін жүргізу, еңбек кітапшаларына қажетті жазбалар енгізу (қызметтік тізімдер (мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, бағалау, оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алуды жүзеге асыру, Комитет қызметкерлерінің іссапар куәліктерін беру). Жетекшілік ететін бағыттар бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау. Комитеттің жоқ қызметкерлері туралы есеп жүргізу. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығына бекіту үшін қызметкерлердің тізімін жасау, қызметкерлердің жыл сайынғы профилактикалық тексеруден өту мониторингі. Диплом алдындағы және өндірістік практикадан өту бойынша жұмысты ұйымдастыру. Есепке алуды жүргізу және тиісті органға әскери міндеттілер бойынша материалдарды (құжаттарды) ұсыну. Арнайы тексеру жүргізу үшін қызметкерлердің құжаттарын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарына жіберу, сондай-ақ ҚР БП ҚСжАЕК-не сұрау салу Жолдау. Еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарының тізілімін, сондай-ақ демалыстардың жыл сайынғы кестесін жасау және оның сақталуын бақылауды жүзеге асыру, жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу. Басқарманың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ азаматтардың ұсыныстарын қарау. Комитет қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауын бақылауды орындау. Басқармаға жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету. Өз құзыреті шеңберінде Басқарманың Жұмысы туралы есепті ақпаратты дайындау. Министрліктің және Комитеттің жұмыс регламентіне сәйкес ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтау. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 13.05.2021
- Нұр-Сұлтан қ. Министрліктер үйі, кіреберіс 16В
-
87022615087