ҚР ЦДИАӨМ АКК Әкімшілік басқармасының бас сарапшысы
Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі комитеті
Астана қаласы
-
- Математика
- Физика
- Информатика
- Құқықтану
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Ядролық физика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Аспап жасау
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Техникалық физика
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Ғарыш техникасы және технологиялары
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Басқарманың құзыреті шеңберінде Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау, нысаналы индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша жұмыстарды орындау. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы іс-шараларды іске асыру шеңберінде Комитеттің тиісті бюджеттік бағдарламаны, стратегиялық жоспарды және бюджеттік өтінімді қаржыландыру жоспарын қалыптастыруға қатысу. Министрлікте құрылатын жұмыс топтарына қатысу, сондай-ақ Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде және өзге де ұйымдарда өткізілетін конкурстарға, кеңестерге, отырыстарға қатысу. Басқарма құзыреті шеңберінде техникалық ерекшеліктерді, тапсырмаларды, жобалық нормативтік-техникалық құжаттаманы дайындауды жүзеге асыру бойынша қатысу. Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына бақылау жүргізу. Басқарма құзыреті шеңберінде қызметтер мен тауарларды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарға қатысу. Басқарма құзыреті шеңберінде қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысу. Комитеттің жұмыс жоспарын қалыптастыру бойынша Министрлікке ұсыныстар мен есептік ақпаратты енгізу бойынша қатысу. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бақылаудағы тапсырмаларының, Басқармада және Комитетте орындалудағы Министрлік басшылығының тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Комитет басшылығына ішкі бақылау процесінде анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізу, оларды жоюды бақылау. Министрдің аппараттық кеңестеріне және жауапты хатшының кеңестеріне апта сайынғы есепті ақпаратты дайындауға қатысу. Басқарманың құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындау және анықталған жағдайда оларды сәйкестікке келтіру. Басқарманың құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерді әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу. Құрылымдық бөлімшелердің сұратулары және Комитет басшылығының өзге де оқуы бойынша ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру. Қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында Басқарманың құзыреті шеңберінде Комитет әзірлеген нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және келісуге қатысу. Басқарманың құзыреті шегінде шарттардың, оның ішінде мемлекеттік сатып алу шарттарының жобаларын қарауға қатысу. Құжаттарды бастапқы өңдеу, алдын ала қарау, тіркеу, есепке алу, сақтау, жеткізу және тарату бойынша қабылдауды жүзеге асыру. Кіріс, шығыс құжаттарын, негізгі қызмет бойынша бұйрықтарды және сервистік бағдарламалық өнімде Комитет басшылығының хаттамаларын тіркеу________________. Белгіленген мерзімде құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, Комитет басшылығын және Комитет басқармаларының басшыларын қызметтік құжаттар бойынша тапсырмалардың орындалу мерзімдерін және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды бақылау нәтижелері туралы хабардар ету. Комитет пен Министрлік басшылығының, Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Праламентінің тапсырмалары, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері және өзге де құжаттар бойынша алдын ала ескерту-тізбелерін дайындау және Комитет бөлімшелеріне жіберу. МОИП келіп түсетін нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын келісу және Комитетке келіп түсетін қызметтік хат-хабарларды қабылдауды ұйымдастыру бойынша бақылауды жүзеге асыру. Адресаттар бойынша шығыс құжаттарды жіберу бойынша жұмыс жүргізу. Комитетте ағымдағы мұрағат құжаттарын жүйелеу және сақтау бойынша бақылауды жүзеге асыру. Министрлікке, сондай-ақ ҚР БП ҚСжАЕК жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы статистикалық деректерді белгіленген тәртіппен ұсыну. Комитет басшылығының жеке мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларды қабылдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Жетекшілік ететін бағыттар бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау. Өз құзыреті шеңберінде Басқарманың Жұмысы туралы есепті ақпаратты дайындау. Министрдің аппараттық кеңестеріне және жауапты хатшының кеңестеріне атқарушылық тәртіп бойынша жиынтық есептердің апта сайынғы ақпаратын дайындау. Министрліктің және Комитеттің жұмыс регламентіне сәйкес ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтау. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 14.05.2021
- Нұр-Сұлтан қ. Министрліктер үйі, кіреберіс 16В
-
87022615087