Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Дербес деректерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік) № УГКВСЗПД-4

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Құқықтану
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Ақпаратты қорғау және қауіпсіздігі
  • Ақпаратты өңдеу және беру процестерін автоматтандыру және механикаландыру

Қосымша талаптар

жаратылыстану ғылымдары: (математика және информатика)

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының заңнамасына, Комитеттің, Министрліктің бұйрықтарына, нұсқаулары мен өкімдеріне және осы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өз міндеттерін сапалы және уақтылы орындауға міндетті; Басшылықтың нұсқауы бойынша қойылған міндеттердің көлеміне қарай бас сарапшылардың біріне практикалық көмек көрсету; Басқарма басшылығына құзыреті шегінде Басқарма қызметін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге; Басқармаға қатысты бөлігінде іс қағаздарын және құжат айналымын жүргізуді жүзеге асыруға; Күн тәртібін, жұмыс орнындағы еңбек жағдайларын, атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауға міндетті; Өз құзыреті шеңберінде атқарылған жұмыстар туралы есептер жасауға; Басқарма басшысының шешімі бойынша, бас сарапшылардың бірі уақытша болмаған кезеңде оның міндеттерін орындау; Басқарманың құзыреті шеңберінде Ақпараттық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша кеңестер ұйымдастыруға; Ақпараттандыру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қатысу; Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, сондай-ақ тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлеуге қатысуға; Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қатысуға; Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталған кезде нұсқаманы дайындауға және беруге қатысуға; "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға қатысуға; Электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеуге қатысуға; Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларын әзірлеуге қатысуға; Дербес деректер субъектісінің дербес деректер мазмұнының және оларды өңдеу тәсілдерінің оларды өңдеу мақсаттарына сәйкестігі туралы өтініштерін қарауға және тиісті шешім қабылдауға; Субъектілердің құқықтарын қорғауды жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асыру; Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 15.08.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.08.2024 – 26.08.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156