Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті ЕЭО интегеграциялық процестері басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік) № УИПЕ-1

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

422437

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Аударма ісі
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қоғамдық байланыс
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Мемлекеттік саясат

Функционалды міндеттер

Басқарма жұмысының басқаруын және үйлестіруін жүзеге асырады. Басқармаға жүктелген функциялардың уақтылы және сапалы түрде орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу және салалық ұстанымдарды қалыптастыру: Цифрлық күн тәртібін іске асыру; Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі - ЕЭК) Алқасының, ЕЭК Кеңесінің, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің, ЕАЭО-ның Министрлік реттейтін салалардағы интеграциялық процестері мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырыстарына шығарылатын, оларға қатысты ЕЭК шешімдер қабылдауға, оның ішінде ЕЭК жұмыс органдарына қатысу шеңберінде шешімдер қабылдауға құқылы (нормативтікқұқықтық одақ органдарының актілері). Қазақстан Республикасының ЕАЭО-ға қатысуынан болатын ықтимал салдарларды бағалау және тәуекелдерді болғызбау бойынша талдамалық зерттеулер жүргізуге қатысты бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру және іске асыру жөніндегі жұмысты жүргізу. ЕАЭО елдеріне экспортқа Ақпараттық технологиялар саласындағы қызметтерді ілгерілетуге жәрдемдесу, ЕАЭО-ны қаржыландыру тетіктері есебінен отандық IT-жобалардың ауқымын кеңейтуге инвестициялар тарту мақсатында ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі шеңберінде цифрлық бастамаларды ілгерілету және іске асыру. Төраға орынбасарына Басқарма жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Штат санының белгіленген лимиті шегінде Басқарманың құрылымы мен штат кестесі бойынша Комитет төрағасына ұсыныстар дайындауға қатысады. Министрлік басшылығына басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату, сондай-ақ оларды көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар дайындауға қатысады. Басқарма қызметкерлерінің функционалдық міндеттері мен өкілеттіктері туралы ұсыныстар енгізеді. Басқарма қызметкерлеріне Басқарманың қызмет саласына кіретін мәселелер бойынша орындалуы міндетті нұсқаулар береді. Басқарма туралы Ережені әзірлеуге қатысады. Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік басшылығының тапсырмаларын уақытылы орындайды. Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Комитет басшылығының тапсырмаларын уақтылы орындауын бақылауды жүзеге асырады. Басқарма қызметкерлерінің заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарауын бақылауды жүзеге асырады. Министрлік басшылығының бұйрықтарын, шешімдерін, тапсырмаларын тиісінше орындауын жүзеге асырады. Басқарма қызметшілерінен Комитет басшылығының бұйрықтарын, шешімдерін, тапсырмаларын тиісінше орындауын талап етеді. Басқарма құзыреті аясында экономикалық интеграция мәселелері бойынша нормативтік - құқықтық актілерін және өзге де құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді. Министрлікпен реттелетін Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдерінің орындалуы мен жүзеге асырылуы бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ұйымдардың бақылауын және үйлестіруін жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының сыртқы саяси ведомстволарымен және шет ел мекемелерімен, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттір органдарымен, ұйымдарымен және іскер топтарымен өз құзыреті шегінде өзара әрекеттеседі. Қызметтік міндеттерді тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттырады. Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтайды. Мемлекеттік және еңбек тәртібін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) кодексін сақтайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды сақтайды және жемқорлық құқықбұзушылықты болдырмайды. Министрліктің регламентін және Министрлікте құжаттау және құжаттаманы басқару ережелерін сақтайды. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша шараларды сақтау және ақпараттық қауіпсіздік заңнама талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындайды. Е-Өтініш ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 27.06.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.06.2024 – 09.07.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156