Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Киберқауіпсіздікті дамыту басқармасының бас сарапшысы, C-4 (3 бірлік) № УПРК-2, № УПРК-3, № УПРК-4

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Құқықтану
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Ақпаратты қорғау және қауіпсіздігі
  • Ақпаратты өңдеу және беру процестерін автоматтандыру және механикаландыру

Қосымша талаптар

жаратылыстану ғылымдары (математика және информатика)

Функционалды міндеттер

Басқарманың құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу, Министрліктің жұмыс жоспары мен Операциялық жоспарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша қатысу; Министрлікте және басқа да мемлекеттік органдарда құрылатын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарына қатысуға, сондай-ақ Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде және өзге де ұйымдарда өткізілетін конкурстарға, кеңестерге, отырыстарға қатысуға; Комитет әзірлеген нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізуге, сондайақ талап-арыз жұмысы бойынша бақылауға қатысу; Заңдардың сақталуын қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік)саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша қатысу; Басқарманың құзыреті шеңберінде қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысу; Басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру; Ақпараттық қауіпсіздікті (киберқауіпсіздікті)қамтамасыз ету жөніндегі іс- шараларды жоспарлау және өткізу жөніндегі министрліктің ұйымына қатысу; Басқарманың құзыретіне кіретін халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша жұмысқа қатысу; Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын, басқарудағы Министрлік басшылығының тапсырмаларын уақтылы орындауға қатысу; Ақпараттық қауіпсіздікті (киберқауіпсіздікті)қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру; Басқарманың құзыреті шегінде Ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік) мәселесі бойынша анықтамалар, есептер, баяндамалар дайындау бойынша бақылауды жүзеге асыру; Комитеттің жұмыс жоспарын қалыптастыру бойынша Министрлікке ұсыныстар мен есепті ақпаратты енгізу мәселелері бойынша қатысу; Ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік) мәселелері бойынша халықаралық конференцияларға, форумдарға, брифингтерге және дөңгелек үстелдерге қатысу; Ақпараттық қауіпсіздікті (киберқауіпсіздік) қамтамасыз ету саласында ұлттық стандарттар мен кәсіби стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмысқа қатысу; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қатерлері туралы халықтың хабардарлық деңгейін арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың барлық қызметкерлері арасында оқытуды өткізуге іс-шаралар өткізуге қатысу; Электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу; Электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік сақтаудың бірыңғай платформасына беру қағидаларын әзірлеу; Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің және «электрондық үкіметтің» Электрондық поштаның бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу; Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды әзірлеуге қатысу; «Электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық- коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлеу; Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігі оқиғаларына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу; Ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне ден қоюдың ұлттық дағдарысқа қарсы жоспарын әзірлеу; Жаһандық киберқауіпсіздік индексінде Қазақстанның рейтингін арттыру жөніндегі жұмыс; Комитеттің жетекшілік ететін мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл, Халықаралық ұйымдармен, оның ішінде Еуразиялық экономикалық комиссиямен, Шанхай ынтымақтастық ұйымымен ынтымақтастық мәселелерін қарау; Іс-қимыл жоспарын орындауға қатысу (ҰҚК); Министрліктің жұмыс регламентіне сәйкес ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтау; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу; Басқарманың қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялау үшін материалдарды (прессрелиздерді) дайындау кезінде ұйымдастыру және бақылау; Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 27.06.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.06.2024 – 09.07.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156