Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Ақпараттық қауіпсіздік жобаларын іске асыру басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік) № УПРПИБ-3

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Ақпаратты қорғау және қауіпсіздігі
  • Ақпаратты өңдеу және беру процестерін автоматтандыру және механикаландыру

Қосымша талаптар

Жаратылыстану ғылымдары: математика және информатика

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының заңнамасына, Комитеттің, Министрліктің бұйрықтарына, нұсқаулары мен өкімдеріне және осы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өз міндеттерін сапалы және уақтылы орындау. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу. Жаһандық киберқауіпсіздік индексінде Қазақстанның рейтингін арттыру. Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын орындау. Еуразиялық экономикалық комиссия шеңберінде Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыстарға қатысу. Мемлекеттік техникалық қызмет сараптамалары негізінде инвестициялық ұсыныстарға және бюджеттік инвестициялардың қаржыэкономикалық негіздемелеріне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қорытынды беру. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды мемлекеттік техникалық қызмет сараптамалары негізінде ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке келісу. Басқарманың құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік жобаларға «Блокчейн» технологиясын енгізу бойынша жұмыстар жүргізу. Басшылықтың нұсқауы бойынша қойылған міндеттердің көлеміне байланысты бас сарапшылардың біріне практикалық көмек көрсету. Басқарма басшылығына құзыреті шегінде Басқарма қызметін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу. Басқармаға қатысты бөлігінде іс қағаздарын жүргізуді және құжат айналымын жүзеге асыру. Күн тәртібін, жұмыс орнындағы еңбек жағдайларын, атқарушылық және еңбек тәртібін сақтау. Өз құзыреті шеңберінде атқарылған жұмыстар туралы есептер жасау. Басқарма басшысының шешімі бойынша, бас сарапшылардың бірі уақытша болмаған кезеңде оның міндеттерін орындау. Құрылымдық бөлімше туралы ережеге сәйкес Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау. Басқарманың құзыреті шеңберінде Ақпараттық қауіпсіздік, дербес деректерді және қамтамасыз етілген цифрлық активтерді қорғау мәселелері бойынша кеңестер ұйымдастыру. Басқарма құзыреті шеңберінде Ақпараттық қауіпсіздік, дербес деректерді және қамтамасыз етілген цифрлық активтерді қорғау мәселелері бойынша жұмыс топтарын қалыптастыруға қатысу. Басқарманың құзыреті шеңберінде Ақпараттық қауіпсіздік, дербес деректерді және қамтамасыз етілген цифрлық активтерді қорғау мәселелері бойынша конференцияларға, форумдарға, брифингтерге және дөңгелек үстелдерге қатысу. Басқарманың құзыреті шеңберінде Ақпараттық қауіпсіздік, дербес деректерді және қамтамасыз етілген цифрлық активтерді қорғау мәселелері бойынша кеңестер ұйымдастыруға қатысу. Басқарма құзыреті шеңберінде Ақпараттық қауіпсіздік, дербес деректерді және қамтамасыз етілген цифрлық активтерді қорғау жобаларын іске асыруға бақылауды жүзеге асыру және қатысу. Басқарманың құзыретіне жататын нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 12.04.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.04.2024 – 23.04.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156