Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік) № УГКВСОК-5

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Құқықтану
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Ақпаратты қорғау және қауіпсіздігі
  • Ақпаратты өңдеу және беру процестерін автоматтандыру және механикаландыру

Қосымша талаптар

Жаратылыстану ғылымдары: математика және информатика

Функционалды міндеттер

Басқармаға жүктелген функцияларды уақтылы және сапалы орындауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасының Парламентімен, Қазақстан Республикасының Үкіметімен және орталық мемлекеттік органдармен өзара ісқимылды жүзеге асыру. Ақпараттық қауіпсіздік пен ақпараттандыруды қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде нұсқама жіберу. Өз құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттандыру саласындағы заңнаманы бұзу фактілері бойынша сот органдарына талап-арыздар дайындауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттандыру саласындағы заңнамасының талаптарын орындауға қатысты құжаттардың (хаттамалардың, нұсқамалардың, тексерулерді тағайындау туралы актілердің) нысандарын әзірлеуді және бекітуді жүзеге асыру. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарауды жүзеге асыру. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асыру. «Электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлеуге қатысу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хаттар мен ақпараттар жобаларын дайындауды жүзеге асыру. Басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіруді жүзеге асыру. Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша министрліктермен, ведомстволармен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау. Комитет қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдасын. Функционалдық міндеттерін орындау кезінде гендерлік кемсітушілікке жол бермеуге тиіс. Министрлік пен Комитеттің регламентін, құжаттау және құжаттаманы басқару қағидаларын сақтау. Нысаналы индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу, құзыреті шеңберінде Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмысты жүргізу. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 12.04.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.04.2024 – 23.04.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156