Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Киберқауіпсіздікті дамыту басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № УРКИАР-2
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Ақпараттық қауіпсіздік
- Құқықтану
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Ақпаратты қорғау және қауіпсіздігі
- Ақпаратты өңдеу және беру процестерін автоматтандыру және механикаландыру
Қосымша талаптар
Жаратылыстану ғылымдары: математика және информатика
Функционалды міндеттер
Басқарманың құзыреті шеңберінде Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарының нысаналы индикаторларына, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша қатысуға; Министрлікте және басқа да мемлекеттік органдарда құрылатын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарына қатысуға, сондай-ақ Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде және өзге де ұйымдарда өткізілетін конкурстарға, кеңестерге, отырыстарға қатысуға; Комитет әзірлеген нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізуге, сондай-ақ талап қою-талап қою жұмысы бойынша бақылауға қатысуға; Заңдардың сақталуын қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік) саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша қатысуға; Басқарманың құзыреті шеңберінде қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысуға; Басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру; Ақпараттық қауіпсіздікті (киберқауіпсіздікті) қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу жөніндегі министрліктің ұйымына қатысуға; Басқарманың құзыретіне кіретін халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша жұмысқа қатысуға; Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын, басқарудағы Министрлік басшылығының тапсырмаларын уақтылы орындауға қатысуға; Ақпараттық қауіпсіздікті (киберқауіпсіздікті) қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыруға; Басқарманың құзыреті шегінде Ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік) мәселесі бойынша анықтамалар, есептер, баяндамалар дайындау бойынша бақылауды жүзеге асыруға; Комитеттің жұмыс жоспарын қалыптастыру бойынша Министрлікке ұсыныстар мен есепті ақпаратты енгізу мәселелері бойынша қатысуға; Ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік) мәселелері бойынша халықаралық конференцияларға, форумдарға, брифингтерге және дөңгелек үстелдерге қатысуға; Ақпараттық қауіпсіздікті (киберқауіпсіздікті) қамтамасыз ету саласында ұлттық стандарттар мен кәсіптік стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмысқа қатысуға; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қатерлері туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыруға іс-шаралар өткізу бойынша қатысуға; Басқарма құзыреті шеңберінде ЕЭК мәселелерін қарау жөніндегі жұмысқа қатысуға; Жаһандық киберқауіпсіздік индексінде Қазақстанның рейтингін арттыру жөніндегі жұмысқа қатысу; Басқарма құзыреті шеңберінде Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыруға қатысу; 20232029 жылдарға арналған цифрлық трансформация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен киберқауіпсіздікті дамыту тұжырымдамасын іске асыруға қатысу («Киберқауіпсіздік» бағыты бойынша); Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды әзірлеуге қатысуға; Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігі оқиғаларына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеуге қатысуға»; «Электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлеуге қатысуға; Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің және «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеуге қатысуға; Электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеуге қатысуға»; Электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік сақтаудың бірыңғай платформасына беру қағидаларын әзірлеуге қатысуға құқылы»; Басқарма құзыреті шеңберінде техникалық ерекшеліктерді, тапсырмаларды, жобалық нормативтік-техникалық құжаттаманы дайындауды жүзеге асыру бойынша қатысуға; Басқарманың құзыреті шеңберінде көрсетілетін қызметтер мен тауарларды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарға қатысуға; Министрліктің жұмыс регламентіне сәйкес ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтауға міндетті; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу; Басқарманың қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялау үшін материалдарды (пресс-релиздерді) дайындау кезінде ұйымдастыру және бақылау; Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs@mdai.gov.kz
- Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4
-
+77172649156