Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерін үйлестіру басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік) № УККВОИИ-5

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Ақпаратты қорғау және қауіпсіздігі
  • Ақпаратты өңдеу және беру процестерін автоматтандыру және механикаландыру

Қосымша талаптар

Мамандық: математика және информатика

Негізгі қызмет бейіні бойынша курстарда мерзіммерзімімен қайта даярлау туралы сертификатының болғаны жақсы.

Функционалды міндеттер

Басқарманың құзыреті шеңберінде мақсатты индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу, Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмысты орындау. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы іс-шараларды іске асыру шеңберінде Комитеттің тиісті бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспарын, Стратегиялық жоспарын және бюджеттік өтінімін қалыптастыруға Комитеттің жұмысына қатысу. Министрлікте құрылатын жұмыс топтарына қатысу, сондай-ақ Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде және өзге де ұйымдарда өткізілетін конкурстарға, кеңестерге, отырыстарға қатысу. Басқарманың құзыреті шеңберінде техникалық ерекшеліктерді, тапсырмаларды, жобалық нормативтік-техникалық құжаттаманы дайындауды жүзеге асыру бойынша қатысу. Басқарманың құзыреті шеңберінде қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысу. Комитеттің жұмыс жоспарын қалыптастыру бойынша Министрлікке ұсыныстар мен есепті ақпаратты енгізу бойынша қатысу. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бақылау тапсырмаларының, Басқарма мен Комитетте орындалатын Министрлік басшылығының тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету. Комитет басшылығына ішкі бақылау процесінде анықталған кемшіліктерді жою, оларды жоюға бақылау жасау жөнінде ұсыныстар енгізу. Министрдің аппараттық кеңестеріне және жауапты хатшының кеңестеріне апта сайынғы есепті ақпаратты дайындауға қатысу. Басқарманың құзыреті шеңберінде қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында Комитет әзірлеген нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және келісуге қатысу. Басқарманың құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау және анықталған жағдайда оларды сәйкестікке келтіреді. Басқарманың құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу. Құрылымдық бөлімшелердің сұрау салулары және Комитет басшылығының тапсырмалары бойынша Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнамасын түсіндіреді. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмыс жүргізу. Өз құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылық жасау. Басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру. Басқармаларға жүктелген міндеттер шеңберінде Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Басқарманың құзыреті шегінде Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша анықтамалар, есептер, баяндамалар дайындау. Басқарманың құзыреті шеңберінде Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша конференцияларға, форумдарға, брифингтерге және дөңгелек үстелдерге қатысу. Басқарманың құзыреті шеңберінде Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңестерді ұйымдастыруға қатысу. Басқарманың құзыреті шеңберінде Ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік) мәселелері бойынша жұмыс топтарын қалыптастыру. Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік атауларды тіркеу, пайдалану және бөлу қағидаларын әзірлеуге және бекітуге қатысу. Интернеттің қазақстандық сегментінің мониторингін қамтамасыз ету. Басқарманың құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне ден қою. Ақпараттықкоммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті ақпараттықкоммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерімен қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторинг жүргізуге қатысу. 2023-2029 жылдарға арналған цифрлық трансформация, ақпараттықкоммуникациялық технологиялар мен киберқауіпсіздікті дамыту тұжырымдамасын іске асыруға қатысу. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын әзірлеуге қатысу. . Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау нәтижелері бойынша акт беру. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды келісуге қатысу. Халықты ақпараттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы хабардар ету. Министрлік пен Комитет жұмысының регламентіне сәйкес ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтау. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 31.10.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.11.2023 – 09.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156