Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)
Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі комитеті
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Ақпараттық қауіпсіздік
- Құқықтану
- Автоматтандыру және басқару
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Математика-Информатика
Қосымша талаптар
ақпаратты өңдеу және беру процестерін автоматтандыру және механикаландыру, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, қорғау және
ақпарат қауіпсіздігі
Функционалды міндеттер
Басқармаға жүктелген функцияларды уақтылы
және сапалы орындауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Президентінің
Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасының Парламентімен, Қазақстан
Республикасының Үкіметімен және орталық мемлекеттік органдармен өзара ісқимылды жүзеге асыру. Ақпараттық қауіпсіздік пен ақпараттандыруды қамтамасыз
ету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. «Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық
туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы
заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде нұсқама жіберу. Өз
құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттандыру саласындағы
заңнаманы бұзу фактілері бойынша сот органдарына талап-арыздар дайындауды
жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік және
ақпараттандыру саласындағы заңнамасының талаптарын орындауға қатысты
құжаттардың (хаттамалардың, нұсқамалардың, тексерулерді тағайындау туралы
актілердің) нысандарын әзірлеуді және бекітуді жүзеге асыру. Ақпараттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік
бақылау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген
тәртіппен қарауды жүзеге асыру. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың
орындалуына мониторингті жүзеге асыру. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
бөлігінде ақпараттандыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін
және тексеру парақтарын әзірлеуге қатысу. Басқарманың құзыретіне кіретін
мәселелер бойынша хаттар мен ақпараттар жобаларын дайындауды жүзеге асыру.
Басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіруді
жүзеге асыру. Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтік
құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу. Басқарманың құзыретіне
кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді
әзірлеуге қатысу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша
министрліктермен, ведомстволармен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара
іс-қимыл жасау. Комитет қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар
қабылдасын. Функционалдық міндеттерін орындау кезінде гендерлік кемсітушілікке
жол бермейді. Министрлік пен Комитеттің регламентін, құжаттау және
құжаттаманы басқару қағидаларын сақтау. Нысаналы индикаторларға, нәтижелер
көрсеткіштеріне қол жеткізу, құзыреті шеңберінде Министрліктің стратегиялық
және операциялық жоспарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау
жөніндегі жұмысты жүргізу. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді
орындау
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- город Астана, ул.Мангилик ел 55/14,блок С2-4
-
649-398