Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті дербес деректерді қорғау басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)
Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі комитеті
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Ақпараттық қауіпсіздік
- Құқықтану
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Математика-Информатика
Қосымша талаптар
ақпаратты өңдеу және беру процестерін автоматтандыру және механикаландыру, ақпаратты қорғау және қауіпсіздік, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының электрондық құжат
және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына
мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Дербес деректер және оларды қорғау
саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Дербес деректер және оларды қорғау
саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу. Қазақстан
Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзуға
жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдау. "Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы"Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық
туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру. Дербес деректер субъектісінің
дербес деректер мазмұнының және оларды өңдеу тәсілдерінің оларды өңдеу
мақсаттарына сәйкестігі туралы өтініштерін қарау және тиісті шешім қабылдау.
Субъектілердің құқықтарын қорғауды жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге
асыру. Меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан
дәйексіз немесе заңсыз жолмен алынған дербес деректерді нақтылауды, бұғаттауды
немесе жоюды талап ету. Дербес деректерді жинау, өңдеу ережелерін әзірлеу.
Меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді
орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректер тізбесін айқындау
қағидаларын әзірлеу. Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші
тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларын
әзірлеу. Электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған қолжетімділігі шектеулі
дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз
етуді тексеруді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу. Куәландырушы орталықтарды
аккредиттеу туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларын әзірлеу.
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық
бойынша жұмыс жүргізу. Өз құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздікті және дербес
деректерді қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу
жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін басшылыққа алу.
Басқарманың құзыреті шегінде заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге
мониторинг жүргізу. Басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының
заңнамасын түсіндіру. Басқарманың құзыреті шеңберінде мақсатты индикаторларға,
нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу, Министрліктің стратегиялық және
операциялық жоспарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша
жұмыс жүргізу. Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті
Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Ақпараттық
қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тапсырмаларын орындау. Басқармаларға жүктелген
міндеттер шеңберінде Ақпараттық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау
саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі мемлекеттік органдармен және
ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Басқарманың құзыреті шегінде ақпараттық
қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау мәселесі бойынша анықтамалар, есептер,
баяндамалар дайындау. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және дербес
деректерді қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді келісу
бойынша бақылауды жүзеге асыру. Басқарманың құзыреті шеңберінде Ақпараттық
қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша конференцияларға,
форумдарға, брифингтерге және дөңгелек үстелдерге қатысу. Басқарманың құзыреті
шеңберінде Ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік) және дербес деректерді
қорғау мәселелері бойынша жұмыс топтарын қалыптастыру. Басқарманың құзыреті
шеңберінде Ақпараттық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау мәселелері
бойынша кеңестер ұйымдастыруға қатысу. Электрондық құжат және электрондық
цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасының қызметін
Қазақстан Республикасының Электрондық құжат және электрондық цифрлық
қолтаңба туралы заңнамасының сақталуы тұрғысынан ұйымдастыру және бақылау.
Қазақстан Республикасының Электрондық құжат және электрондық цифрлық
қолтаңба туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталған кезде нұсқамалар
дайындау және беру. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес
тексеру парақтарының, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының, сондай-ақ
тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерінің нысандарын әзірлеу.
Басқарманың қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және мемлекеттік
органдардың интернет-ресурстарында жариялау үшін материалдарды (прессрелиздерді) ұйымдастыру және дайындау. Дербес деректерді және электрондық
цифрлық қолтаңбаны қорғау бөлігінде Комитеттің қызметін жариялау және
түсіндіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру. Куәландырушы орталықтарды
аккредиттеуді жүзеге асыру. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді
орындау .
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- город Астана, ул.Мангилик ел 55/14, блок С2-4
-
649-398