Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерін үйлестіру басқармасының бас сарапшысы, 1 бірлік, С-4 санаты

Мемлекеттік орган

Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Математика
  • Физика
  • Информатика
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Механика
  • Ядролық физика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Аспап жасау
  • Жылу энергетикасы
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Техникалық физика
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Ғарыш техникасы және технологиялары
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

Функционалды міндеттер

Ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде және өзге нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қарау. Басқарма құзыреті шегінде заңға қарасты нормативтік құқықтық актілер мониторингісін жүргізу. Басқарма құзыреті шегінде Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларының нысаналы индикаторларына, нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша іс-шаралар жоспарын сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмыстар жүргізу. Ел басының, Премьер-Министр Кеңсесінің, Президент Әкімшілігінің ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша тапсырмаларын орындау. Басқармаға жүктелген міндеттер шеңберінде Ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері саласындағы жұмысты үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, және ұйымдармен өзара әрекеттесу. Ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер келісу. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің тізбесін, сондай-ақ ақпараттық -коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлеу. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарын келісу. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 20.12.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.12.2022 – 29.12.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

05.01.2023

Сұхбаттасу орны

город Астана, ул.Мангилик ел 55/14, блок С2-4

Анықтама алу үшін байланыс

649-398