Меню

Страницы

Статья

«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған инвестициялық ұсыныс пен бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің және техникалық тапсырмалардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу (2023)

Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-1 бабының 20-1) тармақшасына сәйкес ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік техникалық қызмет сараптамаларының негізінде инвестициялық ұсыныстарға және бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қорытындылар береді, сондай-ақ мемлекеттік техникалық қызмет сараптамаларының негізінде .электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке келіседі.

«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға инвестициялық ұсыныстың (бұдан әрі – ИҰ), бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің (бұдан әрі – БИ ҚЭН) және техникалық тапсырманың (бұдан әрі – ТТ) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сараптамасы – бұл сараптама жүргізу сәтінде қолданыстғы ақпараттық қауіпсіздік (бұдан әрі – АҚ) саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісінің қорғалу жағдайына ықпал етуге қабілетті басқа да талаптарға  құрылымдық, желілік, бағдарламалық-техникалық шешімдердің және т. б. сәйкестігін бағалау жөніндегі жұмыстар кешені.

ИҰ, БИ ҚЭН сараптамасын жүргізу және ТТ келісу тәртібі Инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидаларымен (бұдан әрі – сараптама қағидалары) және «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларымен (бұдан әрі – ТТ жасау және қарау қағидалары) реттеледі.

Заңның 14 - бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ мемлекеттік монополия саласына жататын сараптаманы жүзеге асырады.

ИҰ, ҚЭН немесе ТТ сараптамасы барысында жүзеге асырылатын тексерулерді талдау және бағалау нәтижелері бойынша ИҰ, ҚЭН немесе ТТ АҚ саласындағы ҚР НҚА және СТ талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы қорытынды қалыптастырылады және «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталы арқылы жіберіледі.

«Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралыә Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығына 1-қосымшаның нөмірінсіз кестенің 1-тармағына сәйкес 1 ТТ сараптамасын жүргізу құны 194093 теңгені құрайды, 1 ИҰ сараптамасының құны 166366 теңгені құрайды, 1 ҚЭН сараптамасының құны 194093 теңгені құрайды.

2022 жылы сараптама қызметі бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде 200 сараптама жүргізілді, оның ішінде 58 ИҰ сараптамасы және 142 ТТ сараптамасы жүргізілді.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 125 сараптама жүргізілді, оның ішінде: 16 ИҰ, 3 ҚЭН, 106 ТТ.

Нормативтік-құқықтық актілерге сілтемелер:

    • Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің «Инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 29 маусымдағы № 144/НҚ бұйрығы. Сілтеме: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900019015
    • Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 29 маусымдағы № 143/НҚ бұйрығы. Сілтеме: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900018950
    • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының «Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығы. Сілтеме: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017630
Дата публикации
02 августа 2023
Дата обновления
13 марта 2026
Тип
Статистика

Сейчас читают

Ережелер мен рәсімдер
13 марта 2026
Рекомендации по вопросам обеспечения кибербезопасности
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ережелер мен рәсімдер
10 января 2024
Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері. Ұсынымдар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы