"Мөлдір бұлақ" Өзендер мен көлдердің айналасын қоқыстан тазарту апталығы басталды.

Таза Қазақстан акциясының аясында "Мөлдір бұлақ" апталығында Күрті ауылдық округіне қарасты Ақши ауылының батысында ағып жатқан Күрті өзенінің жағалауына тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған тазалық акциясына округіміздің тұрғындары, мекеме - ұжымдарының қызметкерлері ат салысты. Мөлдір бұлақ апталығында округ тұрғындарын тазалыққа ат салысуға шақырамыз. Тазалық жұмыстары күнделікті жасалатын болады. Табиғатты аялайық!!!
Қызмет бағыты