"Жетісу Адалдық Алаңы"
Жоба туралы
2018 жылдың басынан бастап Алматы облысының аумағында "Жетісу-адалдық алаңы" жобалық кеңсесі табысты жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, жобалық кеңсенің маңызды бағыттарының бірі - мемлекеттік қызметшілер мен халық арасындағы барлық мүмкін болатын кедергілерді жою болып табылады.
Осы бағыт шеңберінде "Жетісу-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің алаңында жүзеге асырылған сәттен бастап тұрақты негізде Алматы облысының әкімі, оның орынбасарлары, сондай-ақ құқық қорғау, жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың басшылары азаматтарды кезекті және кезектен тыс қабылдау жүргізуде, кеңсе шеңберінде азаматтарға заң консультациялары берілуде, сондай-ақ азаматтар жүгінген мәселелер оңтайлы шешімін табуда.
Алайда, елде төтенше жағдай енгізілгеннен кейін, Алматы облысының әкімдігі қашықтықтан жұмыс форматына көшіріліп, "Жетісу-адалдық алаңы" жобалық кеңсесі ұйымдастыратын барлық бастамалар, соның ішінде азаматтарды қабылдау Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің департаментінің жаңа қызмет көрсету орталығының алаңында ANTIKOR ORTALYGY өткізіле бастады.
"Жетісу-адалдық алаңы" жобалық кеңсесі азаматтарды онлайн-қабылдау, заңгерлік кеңестер "ANTIKOR.LIVE", "Адал көмек" жобалары арқылы жүзеге асыруда. Күн сайын тікелей эфирге белгілі заңгерлер, түрлі сала мамандары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары шақырылады. Тікелей эфир арқылы шақырылған қонақтар азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, заң кеңестерін беруде және азаматтарға өз бағытындағы атқарылған жұмыстар туралы баяндауда.
Әлеуметтік желілерде жаңа тікелей эфир шыққаннан кейін бұл жаңалық интернет-пайдаланушылар арасында оң пікір қалыптастыруда, соның ішінде азаматтар арасында жоғары белсенділікті көрсетуде.
Интернет-пайдаланушылар мұндай жаңашылдықтар мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қол жетімділігін куәландыруда жәнеүйден шықпай-ақ жауаптар мен заң кеңестерін алуға мүмкіндік беруде.
Ренат Бектұравпен «Адалдық Сағаты»
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа форматтағы «Адалдық сағатын» өткізді.
Бұл «Адалдық сағаты» қазақстандық жастар үшін жаңа тұлға, замандас және табысты жас көшбасшы Ренат Бектұровты танытқанымен ерекшеленді.
Ренат Бектұров 1984 жылы 13 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Astana International Exchange Басқарма мүшесі.
Қаржылық қызмет көрсету саласында 10 жылдан аса жұмыс тәжірибесі бар. Ол ТМД аймағындағы сукук (ислам бағалы қағаздары) алғашқы шығарылымы сияқты борыштық капитал нарығындағы бірқатар маңызды мәмілелерге қатысқан.
Ренат Лестер университетін үздік бітіріп, банк ісі және қаржы саласында магистр дәрежесін иеленген, сондай-ақ сертификатталған қаржы аналитигі дәрежесіне ие (CFA Charter Holder).
Президенттік жастар кадр резервінде бірінші орынға ие болды.
Р.Бектұров өз сөзінде ұлы Абайдың тағылымын алға тартып, «Парасаттылық деген талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым сияқты адами қасиеттердің жиынтығы», - деді.
Сондай-ақ жастарды табанды еңбек етуге, тұлғалық дамуға және патриот болуға шақырды. Оның пікірінше, жетістіктің құпия тұздығы – сәттілік, бірақ негізгі құрамдас бөлігі – еңбек.
Ол өзінің жеке өмірі мен мансабында жетістікке жетуге мүмкіндік берген әділеттілік пен адалдық сияқты өмірлік құндылықтарымен бөлісті.
Бейне-дәріс барысында көрермендер қандай мектеп мұғалімі өміріне әсер еткенін, оның ойынша жастар үшін сәттіліктің кепілі не екенін және зияткерлік ұлтты қандай қасиеттерді анықтайтынын білді.
Бәрімізге белгілі, «Адалдық сағаты» акциясының негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, инабаттылық және сенім сияқты ең маңызды адамгершілік құндылықтарды дарыту.
Бейне-дәріске сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=B1Ut1GzT00E&list=PLvN9UMfEpeunSj5iXGTaI9CFjkGNXE2UN&index=4
«Ар-намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан» тақырыбында адалдық сағаты өтті
Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Ар-намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өтті.
Биыл аты аңызға айналған командир, көптеген марапаттардың иегері, жазушы және Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толды.
Батылдық, адалдық және табандылық қасиеттер Бауыржан Момышұлын Халық қаһарманы етті. Оның тұлғасынан жоғары патриоттық рух, шешім қабылдаудағы сенімділік, тәртіп, даналық пен парасаттылық қасиеттері де табылады.
Онлайн-дәріс барысында жастар полк командирінің батырлық әрекеттері мен өмірлік қағидаларын еске түсірді.
Батырдың көзқарасынша, сенім қамалы – адамдық пен адалдыққа апаратын ұлы күш іспеттес. Сенім бар жерде үміт те бар. Бұл турасында ол былай тұжырым жасайды: «Сен – ата-анаңның үмітісің. Сен қайталанбас тұлғасың, өз өміріңнің белсенді жасаушысысың, сондықтан өзіңе ғана сен».
Осылайша осы ойы арқылы жастардың бойындағы сенімнің маңыздылығын, сонымен қатар өзіне әрі ата-анасының тәрбиесіне берік адам ешқашан арсыздыққа бармайтындығын меңзейді.
Ұлтжандылық пен батырдың ана тілге деген құрметі ерекше назар аудартады. Ол: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды ұмыту», – деген.
Бауыржан Момышұлының мұрасы ерлік пен тәртіпке, патриотизмге толы, өмір жолы ар-намыс, әділдік және адамгершілік қағидаларына негізделген.
«Адалдық сағатының» ұйымдастырушылары аталған құндылықтарды жастардың бойына сіңіру арқылы адал еңбек пен рухани адамдық қасиеттер жоғары бағаланатын, жемқорлықсыз парасатты қоғам құруға болады деп сенім білдіреді.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен бейне-сабақ республикалық және өңірлік телеарналар эфирінде көрсетіліп, сондай-ақ Агенттіктің Youtube-арнасында және әлеуметтік желілерде орналастырылды.
Бейне-дәріске сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=6k3CdlKT6tw&list=PLvN9UMfEpeunSj5iXGTaI9CFjkGNXE2UN