Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін түсіндіру отырысы


Хабарландыру
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларымен барынша қамту мақсатында, соның ішінде «Кең Дала», «Ауыл аманаты» бағдарламалары және ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу бағдарламасы аясында, Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының және «Қонаев» ӘКК» АҚ-ның бастамасымен түсіндіру жиналысы өткізіледі.
Іс-шара 2026 жылғы 03 ақпанда сағат 11:00-де келесі мекенжайда өтеді:
Өтеген батыр ауылы, Батталханова көшесі, №8, аудандық әкімдік, әкімдіктің кіші залы.
Жиналыс барысында мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысу шарттары, өтінім беру тәртібі, сондай-ақ өзге де өзекті мәселелер бойынша түсіндірмелер беріледі. Қатысушылар уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйым өкілдерінен кеңес алу мүмкіндігіне ие болады.
Сонымен қатар, қатысушыларға қолайлы болу үшін аталған кездесу сағат 14:30-да Ақсай ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында қосымша өткізіледі.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін және барлық мүдделі тұлғаларды аталған іс-шараға қатысуға шақырамыз.
03 ақпан 2026
Кездесу