«Ауған соғысы – ұмытылмас тарих»

«Ауған соғысы – ұмытылмас тарих»

12 ақпан 2026 жыл

 

Байкент ауылдық округі №10 орта мектебінің акт залында «Ауған соғысы – ұмытылмас тарих» атты тағылымды іс-шара өтті.

 

Шараның басты мақсаты – Ауған соғысында ерлік көрсеткен ардагерлердің батырлығын ұлықтау, олардың ерлігін жас ұрпаққа үлгі ету және отансүйгіштікке тәрбиелеу болды. Кеш барысында оқушылар патриоттық өлеңдер оқып, әндер шырқап, соғыс жылдарындағы тарихи деректермен бөлісті. Сонымен қатар, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, тағзым жасалды.

 

Іс-шара жас буынның жүрегіне отансүйгіштік сезім ұялатып, тарихты құрметтеуге шақырған мазмұнды кездесу болды.

Қызмет бағыты