📢 ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, Боралдай кенті әкімдігі аппаратында 2026 жылғы 1–31 шілде аралығында ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілетінін хабарлаймыз.
Аталған талдау барысында азаматтар өз ұсыныстары мен пікірлерін төмендегі байланыс арналары арқылы жолдай алады.
📞 Байланыс телефоны: 8 (727) 523-05-84
📧 Электрондық пошта: iliboraldai@mail.ru
ҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ!
Егер Сіз 2026 жылғы 15 наурызда дауыс беру күні өзіңіздің тіркелген жеріңізден тыс жерге баратын болсаңыз, қалай дауыс бере аласыз?
Ол үшін 2026 жылғы 14 наурызда сағат 18:00-ге дейін Сіз өзіңіздің учаскелік комиссияңызға жазбаша өтінішпен жүгініп, жеке басыңызды куәландыратын құжатты ұсынуыңыз қажет. Комиссия Сізге есептен шығару куәлігін табыс етедi.
Есептен шығару куәлігін сенімхат негізінде өкіл арқылы да алуға болады. Сенімхатты нотариаттық куәландыру талап етілмейді.
Есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда ол қалпына келтірілмейді және оның телнұсқасы берілмейді.
Бір елді мекен шегіндегі басқа учаскеде дауыс бергісі келетін азаматтарға есептен шығару куәлігі берілмейтініне назар аударыңыз.
Дауыс беру күні өзіңіз болатын жердегі учаскеде есептен шығару куәлігін көрсетіңіз. Учаскелік комиссия Сізді дауыс беруге арналған тізімге енгізеді.
Толық ақпарат алу үшін өзіңіздің елді мекеніңіздің әкімдігінің call-орталығына хабарласуға болады.
ӘРҚАЙСЫМЫЗДЫҢ ДАУЫСЫМЫЗ МАҢЫЗДЫ!
Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы
Боралдай кенті 22.12.2025 ж.
КІРІСПЕ БӨЛІМ
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне iшкi талдау объектісінің толык атауы: «Іле ауданының Боралдай кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемеci. Ішкі талдау жургізуге негіз: Боралдай кенті әкімінің 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 2 «Іле ауданы Боралдай кенті әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіу туралы бұйрығы.
Ішкі талдау жүргізу кезеңі 2025 жылты 10-31 желтоқсан аралығы. Ішкі талдау 2024 жылты қызмет кезеңін қамтиды. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасынын Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ Алматы облысы әкімінің қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Ережеге сәйкес әкім аппаратының миссиясы - кент аумағында мемлекеттік саясатты icкe асыру, жергілікті маңызы бар мәселелерді өз құзыреті шегінде шешу, сондай-ақ тиісті аумақта әлeyмeттiк-экoнoмикaлық даму бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылты 19 қазандағы № 12 Жарлығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне iшкi талдау жургізу қағидаларына сәйкес төмендегі бағыттар бойынша iшкi талдау жургізеді. Әкімдік қызметіне қатысты норматистік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау 1. Кент әкімі аппараты өз қызметінде келесі нормативті құқықтық актілерді басшылыққа алады:
Сонымен қатар, «Іле ауданының Боралдай кенті әкімінің аппараты» ММ өз қызметінде:
Мемлекеттік сатып алулар электрондық форматта жүзеге асырылады. Бұл ашықтықты қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді.
ҰЙЫМДАСТЫРУ-ӨКІМДІК КЫЗМЕТТЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЬҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
2.1 Штаттық құрам
2025 жылғы 22 желтоқсандағы штат кестесіне сәйкес жалпы штат саны – 14 бірлік:
Талдау барысында қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары анықталған жоқ.
1 бас маман вакансия, қызметтік міндеттер қайталанбайды.
2.2 Сыйақылау
Сыйақылар ҚР Үкіметінің №1127 қаулысына сәйкес берілді.
2025 жылы келесі мерекелерге орай сыйақылар төленді:
2.3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптары бұзылған жоқ.
Жер қатынастары және мемлекеттік сатып алулар саласында заң талаптары сақталуда.
Кент әкімінің аппараты келесі қызметтерді көрсетеді:
1) Жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықсыз беру;
2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту;
3) Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту;
4) Жер учаскесіне құқықтарды беру.
Мониторинг нәтижелері:
Шағымдар тіркелмеген.
Стандарттарда көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері анықталған жоқ.
Ұсыныс: қызметкерлер арасында семинар өткізу.
Тікелей байланыс деңгейінің жоғары болуына байланысты келесі қызметтерде тәуекел байқалады:
Ұсыныс: толық электрондық форматқа көшіру.
Әдеп нормалары сақталады, бұзушылықтар анықталған жоқ.
2024 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс талаптары бұзылған жоқ.
Шағымдар жәшігі орнатылған, апта сайын тексеріледі.
Жедел желі телефоны: 3-05-84.
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы шағымдар болмаған.
Ұсыныстар:
Жұмыс тобының құрамы:
Таныстым:
Кент әкімі Д.Қоңырбаев
«Боралдай кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2,4-тармақтарына сәйкес, 2025 жылғы 09-31 желтоқсан аралығында « Боралдай кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде келесі бағыттар бойынша:
- бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде;
- ұйымдастыру-басқару қызметінде.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар болған жағдайда Сіз мына телефон бойынша хабарласа аласыз: 3-05-84, әкім орынбасары Таңатар Айнұр Таңатарқызы.
Елімізде «Digital Justice» жобалар протфелі шеңберінде азаматтардың қаржылық шығынын және уақытын үнемдеу, қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін негізгі қызметтерді цифрландыру бойынша бірқатар шаралар қабылданды. Солардың бірі – «Атқарушылық жазбаны цифрландыру» жобасы. Борышкерден ақшаны немесе мүлікті өндіріп алу үшін нотариус арнайы белгі – атқарушы жазба жасайды. Жаңашылдыққа сәйкес, қарыз немесе жалдау шарты болған кезде, нотариалды куәландырылған немесе нотариалды атқарушы жазба туралы ескертпемен өндіріп алушы сотқа бармай-ақ, сот орындаушысына тікелей жүгіне алады. Бұл уақытты үнемдейді және қаражатты өндіріп алу процедурасын жеңілдетеді. Бұл жайында ҚР ӘМ ресми өкілі Талғат Уәли ОКҚ баспасөз конференциясында айтты.
Бұрын нотариустар атқарушылық жазбаны қағаз түрінде беріп келген. Оны алу үшін нотариусқа жеке жүгіну керек болды және құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну және атқарушылық жазбаның қағаз нұсқасын алу қажет болған. Тек содан кейін ғана сот орындаушысына ұсынылатын.
«Қазіргі уақытта нотариаттық қызметтерді цифрландыру шеңберінде атқарушылық жазба электрондық форматта ресімделеді және мұндай құжатта нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасы болады, яғни қағаздағыдай заңды күші бар. Нотариаттық жазбаларды орындаудың цифрлық жобасы ашықтықты, барлық іс-әрекеттерді тіркеуді және тараптардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Жеке кабинет құрылды. Ол арқылы борышкердің хабарлама және қарсылық жолдауға мүмкіндігі бар. Негізделген қарсылықтар болған кезде нотариус атқарушылық жазбаның күшін жоюға міндетті. Яғни дауласушы тараптардың бірі өндірілуге тиіс сомамен келіспеуі мүмкін, бұл жағдайда іс даулы деп танылады да қайта қаралады», – деді спикер.
Бұл жоба азаматтар тарапынан оң баға алуда. Осы жылдың 31 наурызынан бастап 32 мыңнан астам атқарушылық жазбаның күші жойылды. Бұл азаматтардың құқықтарын қалпына келтірудегі және теріс пайдалануды жоюдағы маңызды қадамдардың бірі болды. Бұл процедураны цифрландыру жүйелік тәуекелдерді жоюға ғана емес, сонымен қатар жүйенің өзін әділ, ашық және процестің барлық қатысушысының құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді.
2025 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарлары санының және мал шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің тұрақты өсуі байқалады, деп хабарлайды Ukimet телеграм арнасы.
Атап айтқанда, ірі қара мал басы 23,4%-ға артты, ұсақ мал – 7,8%-ға, жылқы – 12,2%-ға, түйе – 8,5%-ға, құс – 2,2%-ға өсті. Мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1,2 млрд теңгеден асып, 4,2%-ға өсті. Ет (+3%), сүт (+7,5%) және жұмыртқа (+0,3%) өндірісінің өсуі байқалды.
Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімді екі есеге көбейту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстанда шаруаларға жеңілдікпен кредит беру бойынша екі бағдарламаны іске қосу жоспарлануда. Олар мал шаруашылығын дамытуды қолдауға және кәсіпорынды айналым қаражатымен қамтамасыз етуге арналған. Қаржыландырудың жалпы көлемі 100 млрд теңгені құрайды.
«Бірінші бағдарлама ірі қара мен ұсақ малдың асыл тұқымды мал басын сатып алуға 50 млрд теңге бөлуді көздейді. Шаруалар жылдық 5%-бен “ұзақмерзімді” несие ала алады. Тағы 50 млрд теңге ағымдағы қаржыландыру тетіктеріне ұқсас, жылдық мөлшерлемесі 5%-дан аспайтын айналым қаражатын кредиттеуге бағытталатын болады», – деді ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында.
Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігі сүт-тауар фермаларына етті мал шаруашылығы саласына жеңілдікпен кредит беру бағдарламасын кеңейтуді жоспарлап отыр. Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары етті мал шаруашылығында австралиялық тәжірибені енгізу бойынша жобалар болуы мүмкін, олар жылдық түсімі 500 млрд теңгеге жуық 50 мың тоннаға дейін ет экспортын қамтамасыз етеді. 14 жобаны іске асыру үшін 29,3 млрд теңге қарастырылған.
Сүт фермаларына жеңілдікпен кредит беру жылдық 2,5%-бен жүзеге асырылатынын атап өту маңызды. Бағдарлама аясында 116 сүт-тауарлы ферманы салу жоспарланған. Оның 69-ы қолданысқа енгізілді,тағы 47-сі іске асыру сатысында.
Бұл ауқымды статистикалық шара республиканың барлық өңірін қамтып, ауыл шаруашылығының жай-күйі туралы өзекті деректердің маңызды көзіне айналады, деп хабарлайды ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі.
Санақ екі кезеңде өтеді және 2025 жылдың 20 қазанына дейін жалғасады:
Онлайн кезең – 1-31 тамыз аралығында: өсімдік және мал шаруашылығымен, балық өсірумен айналысатын заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шаруа және фермер қожалықтары, сондай-ақ үй шаруашылықтары қатысуы тиіс. Сауалнама sanaq.gov.kz сайтында өтеді.
Офлайн-кезең – 20 қыркүйек-20 қазан аралығында: интервьюерлер онлайн-сауалнамадан өтіп үлгермеген, бау-бақшасы бар немесе мал ұстайтын үйлерді аралайды.
Санақта 2 млн жуық үй шаруашылығын және 300 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қамту жоспарланған. Бүкіл ел бойынша сауалнама жүргізу үшін 3500-ден астам интервьюер тартылады.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін ауылдық әкімдіктер мен аудандық статистика бөлімдерінде интернетке қосылған өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары болады.
Сондай-ақ азаматтар 1446 байланыс орталығына хабарласып кеңес ала алады. Аграрлық саланың барлық қатысушыларын санақтан өтіп, ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосуға шақырамыз.
Tasqyn ақпараттық жүйесі биыл 14 наурыз бен 18 сәуір аралығында Қазақстанның 10 облысындағы су тасқыны жағдайын болжап, модельдеді. Бұл жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар департаменттеріне еріген судың келуіне дайындалып, ауқымды су тасқынының алдын алуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Модельдеу Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарының елді мекендеріне жүргізілді. Бұл ретте жүйе Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы нақты су басқан 16 елді мекеннің 9-ына алдын ала болжам жасады.
Tasqyn жүйесі тасқын суды модельдеу кезінде өзендердегі болжамды су шығыны мен деңгейін, қоймалардан су жіберу көлемін, жер бедерінің цифрлық модельдерін және батиметриялық түсірілім деректерін пайдаланады. Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқыны кезінде күн сайын ақпараттық жүйеге деректерді енгізу және жаңарту арқылы су қоймаларының жай-күйіне мониторинг жүргізді. Сондай-ақ ведомство шекара маңындағы елдермен өзара іс-қимыл жасап, ТЖМ мен оның аумақтық бөлімшелерін төтенше жағдайлардың туындау қаупі туралы уақтылы хабардар етіп отырды.
«Болжамдардың дәлдігін арттыру және Tasqyn жүйесін қамтуды кеңейту үшін уәкілетті мемлекеттік органдар оны одан әрі дамыту үшін ұсыныстар әзірледі. Цифрлық жер бедерінің анықтығын арттыру, гидрологиялық модельді жетілдіру және бейімдеу, жүйені жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар енгізілген Жол картасының жобасы әзірленді. Tasqyn ақпараттық жүйесін жетілдіру жұмысы тұрақты негізде жүргізіліп жатыр және алдағы уақытта да жалғасын табады», – деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.
Қазір Қазақстанда темекі өнімдері, аяқ киім және дәрілік бұйымдар міндетті таңбалауға жатады. Негізгі мақсат - контрафактілік өнімдермен күресу және тауар қозғалысының барлық кезеңінде ашықтықты арттыру. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов айтты.
«Тауарларды таңбалау – бұл өнімдерге бірегей кодты қолдану, оның көмегімен сатып алушының шығу тегі мен жолын бақылауға болады. Ол жалған өнімнен қорғайды және мемлекетке нарықты ретке келтіруге көмектеседі. Бұл процедура бизнесті әділ шарттармен, ал тұтынушыларды қауіпсіздікпен қамтамасыз етеді. Жүргізіліп жатқан жұмыстың арқасында нарықтағы заңсыз өнімнің үлесі едәуір қысқарады, салықтар мен акциздердің жиналуы артады, адал жүргізілетін бизнес үшін тең жағдай жасалады, ал тұтынушылар сатып алынатын өнімнің түпнұсқалығы мен сапасына кепілдік алады», – деді спикер.
Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі ретінде ашық трансшекаралық сауданы және тауарлардың сапасын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған таңбалаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға белсенді қатысады. Бұл тауардың өндірушіден тұтынушыға дейінгі жолын дәйекті түрде бақылауға, заңсыз өнімнің жеткізілуі және айналым тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.
«Биыл жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын, сыра сусындарын, мотор майлары мен зергерлік бұйымдарды міндетті таңбалауды енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Пилот ретінде келесі тауар түрлерін таңбалау бойынша жобалар іске асырылуда: биологиялық белсенді қоспалар, киіктің мүйізінен жасалған өнімдер және тұрмыстық химия», - деп атап өтті Әсет Нүсіпов.
Қостанай облысында «Орталық – Батыс» автожол дәлізінің құрылысы басталды. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қолға алынды және еліміздің көлік инфрақұрылымын дамыту мен транзиттік әлеуетін арттыру жөніндегі Үкімет жоспарларына енгізілген, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Құрылыс жұмыстары бір уақытта екі нүктеде – Қостанай облысының Арқалық қаласы мен Жанкелдин ауданына қарасты Торғай ауылында басталды. Құрылыс «Астана – Жәнтеке – Егіндікөл – Арқалық – Торғай – Ырғыз» бағыты бойынша жүргізіліп жатыр. Жолдың жалпы ұзындығы 865 шақырымды құрайды.
Жаңа жол дәлізі еліміздің орталық бөлігін батыс өңірлермен тікелей байланыстырмақ. Сонымен қатар ол Қазақстанды Транскаспий халықаралық көлік бағытына (ТХКБ) шығуға мүмкіндік береді. Жаңа бағыттың арқасында Астана мен Ырғыз арасындағы арақашықтық 573 шақырымға қысқарады.
Құрылыс жұмыстарының барысында экологиялық мәселелерге ерекше көңіл бөлінуде. Киіктердің қоныс аудару аймақтарында жолдың көлденең профилін өзгерту қарастырылған, 1:10 еңіс жануарлардың еркін әрі кедергісіз қозғалуына мүмкіндік береді.