«QYZMET LIVE» ЖАҢА ЖОБА!

«QYZMET LIVE» ЖАҢА ЖОБА!

«QYZMET LIVE» ЖАҢА ЖОБА!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет екендігін атап өтті.

Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел әрекет ету мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болып саналады.

Бүгінгі күні мемлекеттік органдар мен халықтың қарым-қатынас процесін электрондық форматқа ауыстыру заман талабы болып отыр.

Шынында да, халықтың басым көпшілігі қазір әлеуметтік желілерде белсенділік танытуда және мемлекеттік органдардың міндеті халықпен тиімді өзара іс-қимылды орнату үшін бұл белсенділікті оңтайлы пайдалану құпталады.

Көбінесе қызмет алушыларға шынайы, өзекті ақпарат жетіспейді немесе толғандыратын сұрақтарға тез жауап алу мүмкіндігі жоқ.

Осыған байланысты, халықпен кедергісіз байланыс орнату, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық қағидаттарын жүзеге асыру мақсатында Агенттіктің Алматы обласы бойынша департаменттің бастамасымен алғашқы рет «QYZMET LIVE» жобасы іске асырылуда.

Жобаның мақсаты – мемлекет пен тұрғындар арасында сындарлы қоғамдық диалог орнату болып табылады.

Осыған байланысты, «QYZMET LIVE» жобасын іске асыру аясында, аудан/қала әкімі аппаратының басшылары және мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басшылары әлеуметтік желілер арқылы «тікелей эфирге» шығуда.

Аталған жоба халық арасында оң пікір туғызып, қызмет алушылар арасында үлкен қолдау табуда.