Бас әскери прокуратурада әскери қылмыстың алдын алу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

Бас әскери прокуратура Қазақстан Республикасының Әскери сотымен бірлесіп, әскери қылмыстың алдын алу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Отырысты аша отырып, Бас әскери прокурор Дастан Секенов қатысушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы хабардар етті.
Қылмыс деңгейін төмендету үшін Бас әскери прокуратураның бастамасымен психологтарды даярлау рәсімін дамыту, әскери объектілердің бейнебақылау жүйелерін жетілдіру, әскери қызметтің әртүрлі салаларын цифрландыруды қамтитын шаралар кешені жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасы Әскери сотының төрағасы Ғалымжан Нәсірдінов жиналғандарға қылмыстық істерді көшпелі форматта қарау бойынша соттардың жұмысының қорытындысын жеткізді.
Дөңгелек үстелде әскер ортасындағы қылмыстық жағдайға көшпелі сот процестерінің оң әсерін атап өтті, сондықтан отырысқа қатысушылар әскери бөлімдерде сот отырыстарын белсендірек өткізу туралы пікірге келді.
Сондай-ақ дөңгелек үстелде сот ісін жүргізу тілін сақтау бөлігінде қылмыстық-процестік заңнамасының талаптарын іске асыру мәселелері талқыланды.
Қазақстан Республикасы Әскери сотының судьясы Ғазиз Сақалов өз сөзінде әскери соттар істерді мемлекеттік тілде қараған кезде туындайтын өзекті мәселелерді жеткізді.