Үйлестіру кеңесінің отырысы туралы
Бас әскери прокурор Дастан Секеновтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Жиынға әскери ведомстволардың басшыларынан басқа Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі – Бас мемлекеттік еңбек инспекторы қатысты.
Үйлестіру кеңесіне қатысушылар еңбек пен әскери қызметтің кауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, нормативтік рұқсатты талап ететін проблемалық мәселелер айқындалды.
Отырыс қорытындысы бойынша әскери қызметтің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету, жазатайым оқиғаларға объективті тергеу жүргізу үшін бірлескен шаралар әзірлені, жарақаттарды есепке алудың бірыңғай нысанын әзірлеуге бастамашылық жасалды.