Әскери прокуратура қызметкерлерінің арасында семинар-тренинг ұйымдастырылды

Әскери прокуратура қызметкерлерінің арасында  семинар-тренинг ұйымдастырылды

Бас әскери прокуратурамен «Алқа билердің қатысуымен қаралатын істер бойынша мемлекеттік айыптауды қолдау» тақырыбында әскери прокуратура қызметкерлерінің арасында семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Семинарға Құқық қорғау органдары академиясының профессоры Динара Хамитовна Найманова қатысып, өзінің теориялық және практикалық тәжірибесімен бөлісті.

Аталған шара қылмыстық істер бойынша мемлекеттік айыптауды қолдау сапасын арттыруға, шешендік өнерді жақсартуға, сондай-ақ көпшілік алдында сөйлеу техникасы дағдыларын меңгеруге бағытталған.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі Хасенова Дана Маратовна әскери прокуратура қызметкерлерін сот процессінде психологиялық қарым-қатынас дағдыларын үйретті.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы Шәріпбеков Еркін Ермұхамедовичтің төрағалығымен қылмыстық іс бойынша оқу сот процессі өткізілді.

Алқа билер ретінде Еуразия ұлттық университетінің және Мақсут Нәрікбаев атындағы университетінің студенттері қатыстырылды.

Сот процесін модельдеу арқылы алқабилерді іріктеу, сот тергеуі мен жарыссөздерін жүргізу, алқабилер алқасының шешуіне жататын сұрақтарды тұжырымдау кезіндегі тән қателер талқыланды.

Семинарға белсенді қатысқан қызметкерлер мадақтама және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

 

Бас әскери прокуратура