Үйлестіру кеңесінің отырысы туралы

Үйлестіру кеңесінің отырысы туралы

 

Бас әскери прокурор Дастан Секеновтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Құқық бұзушылықтың алдын алу, әскери қылмыстар бойынша сот-тергеу тәжірибесі, сондай-ақ азаптаулардың алдын алу бойынша бірқатар мәселелер талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша Үйлестіру кеңесінің мүшелері құқық бұзушылықтың алдын алуға және әскери қызметкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған бірлескен шараларды әзірледі.