«Үздік мемлекеттік айыптаушы» байқау қорытындалды

«Үздік мемлекеттік айыптаушы» байқау қорытындалды

Бас прокуратурамен "Үздік мемлекеттік айыптаушы" атағына республикалық конкурс ұйымдастырылды, оған 400-ден астам конкурсанттың материалдары ұсынылды.

24 қарашада Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтің төрағалығымен байқаудың қорытынды бөлімі өтті, онда «Үздік мемлекеттік айыптаушысы» атағына ие болу үшін 10 прокурор күресті.  

Финалда конкурсқа қатысушылар сот процесі кезінде стандартты емес жағдайларды және кейісті тапсырмаларды шешті, байқауға ұсынылған материалдар бойынша презентация жасады.   

Байқаудың қорытындысы бойынша "Басшы буынның үздік мемлекеттік айыптаушысы" номинациясына Батыс аймағының әскери прокуроры Қасен Рахматулин ие болып танылды.

Бұған дейін Бас әскери прокуратурада әскери прокуратура органдарының қызметкерлері арасында "Үздік мемлекеттік айыптаушы" конкурсы өткізілген болатын.

Байқауға аймақтық және гарнизондардың әскери прокуратураларының барлық басшылары, олардың орынбасарлары мен Бас әскери прокуратураның қызметкерлері қатысты.

Конкурс қорытындысы бойынша комиссия келесы:

- Орталық аймақтың әскери прокуроры Д.Б.Джумадиловтың;

- Өскемен гарнизонының әскери прокуроры Е.А.Сыбанбаевтың;

- Батыс аймақтың әскери прокуроры К.Ж.Рахматулиннің;

- Бас әскери прокурордың аға көмекшісі А.А.Джетыбаевтың жұмыстарына оң баға берді

Жалпы, өткізілген байқау гарнизондар мен аймақтардың әскери прокурорларының мемлекеттік айыптауды қолдау сапасы талаптарға сәйкес келетіндігін көрсетті.

 

Бас әскери прокуратура