Прокуратура органдарының қызметкерлер арасында волейболдан турнир өтті

Прокуратура органдарының қызметкерлері күнделікті өмірде салауатты өмір салтын және оны насихаттауға көңіл бөледі.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының прокуратура күнін мерекелеу қарсаңында прокуратура қызметкерлері арасында Бас Прокурордың кубогына волейболдан чемпионат ұйымдастырылды.

Жарысқа 25 команда қатысты, олардан Алматы қаласында 21 қарашасында ұйымдастырылған финалға тек үздік 5 команда өтті.
Қиын күрестің қорытындысы бойынша бірінші орынды Қостанай облысы прокуратурасының командасы алды, екінші орынға Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы ие болды және үшінші орынды Бас әскери прокуратураның командасы жеңіп алды.

Сондай-ақ, бірқатар қызметкерлер келесі номинациялар бойынша марапатталды: «Үздік қорғаушы» - Қостанай облысы прокуратурасының қызметкері Абай Қуандықов және Атырау облысы прокуратурасының қызметкері Досбол Бағытжанов, Бас әскери прокуратурадан Науан Оразов «Үздік шабуылшы» және Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының командасынан Әли Сеилханов «Үздік ойыншы» деп танылды.

Бас әскери прокуратура